Архив событий

04/04/2017

Сот ананы ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарады

04/04/2017

"Лебяжі ауданының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" КММ-сі сотқа 2002 мен 2009 жылы туған балалар үйінің тәрбиеленушілері анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап қою арызбен жүгінді.

Бұрын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен балалар анасының ата-ана құқықтары шектелген. 2016 жылғы мамыр мен желтоқсан айлары бойынша анасы өз балаларын балалар үйінде барлығы үш рет көрген.

Қорғаншы 2012 жылы туған Аннаның құқығын қорғады

04/04/2017

"Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" ММ анасымен қалдырылған тәрбиеленушісіне ресми түрде қорғаншылықты рәсімдеп, екі жыл бойы баланың қамқорлығымен айналысқан талапкер Павлодар облысының ювеналдық сотына баланың анасы ата-ана құқықтарынан айыру туралы тапал қою арызбен жүгінді.

Тұрғын-жайдан шығару туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды

04/04/2017

Екібастұз қаласы Әкімінің  Б-ны басқа баспана берусіз тұрғын-жайдан шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді, себебі үй тұрғындарынан,пәтерде адамдар ішімдік ішуге  жиі жиналады, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзады деп шағымдар түсті.

Сотпен Б. 2015жылы бірнеше рет  тыныштық бұзғаны үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылғанын.  Бірақ түй тұрғындарынана түскен шағымдар туралы әкімнің ескертпесінен кейін  оның тарапынан құқыққа қарыс әрекеттер қысқартылмаған. 

Миллионды қарызды өндіріп алу туралы талап сотпен қанағатандырылды

04/04/2017

«FORTE BANК» АҚ азамат А-ға сотқа қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді, өзінің талабын «Альянс банкі» АҚ-мы және А. арасында банктік қарыз беру келісімшарты жасалғанын көрсетті. Келісімшартқа сәйкес жауапкерге 180 ай мерзіміне 4 900 000 теңге мөлшерінде көлемінде қарыз берілді.

2014 жылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналыстың хаттамасының көшірмесіне сәйкес, АҚ «Альянс банк» АҚ «FORTE BANK» атауына өзгертілді.

Медиация тәртібінді отбасы сақталды

04/04/2017

Железин аудандық сотымен Б.-ның жауапкер Б.-ға некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар татуласуға жетуіне байланысты дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді.

Сот ұйғарымы бойынша іс медиация тәртібінде қысқартылды.   

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

«Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбына семинар

04/04/2017

Май аудандық сотында сот мамандары арасында «Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбына семинар өткізілді.

Аталған тақырып бойынша аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Ш. Жүнісбаева ақпараттық жүйені қолдану мүмкіндіктерін көрнекі көрсетіп, аталған тақырыптың негізгі аспектілерін баяндап берді.

Сот тәртібінде заңды фактіні анықтау тақырыбына «дөңгелек үстел»

04/04/2017

Май аудандық сотында аудандық сот төрағасының м.а. Н.С. Ибраевтің, аудандық Әділет басқармасының басшысы А.Д. Сәлменованың, Павлодар облысы бойынша Май аудандық бөлімшесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» басшысы Н.Қ. Жұмабекованың және адвокат А.К. Есірованың қатысуымен  «Сот тәртібінде заңды фактіні анықтау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы талапқа бас тартты

04/04/2017

Павлодар қалалық сотымен В-ның "В." ЖК-ге, ШЖҚ "Павлодар қаласының №2 емханасы" КМК-ға, "Павлодар қаласының әділет басқармасы" РММ-не қатысты мүлікті тыйым салудан босату туралы жеке сот орындаушысын даудың нысанасы бойынша өзіндік дербес талаптарын білдірмейтін,   үшінші тұлғаны тарта отырып, азаматтық іс қаралды.

Ақшалай өтемақыны өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде шешілді

04/04/2017

Павлодар қалалық сотымен К-ның Ж-ға қатысты арызы бойынша жылжымайтын мүліктегі үлесі үшін ақшалай өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талаптарын пәтердегі 1/2 үлесі меншік құқығы бойынша оған, келесі 1/2 үлесі жауапкерге тиесілі екендігімен ынталандырды. Пәтерді заттай бөліп алу мүмкін емес, сондықтан оның пайдасына 5 015 000 теңге мен іс бойынша жұмсалған сот шығындарын өндіріп алуды сұрайды.

Жауапкер арызбен келіспей, талапкер белгілеген пәтер құнын тым асырып айтылғандығын көрсетті.