Архив событий

05/04/2017

Екібастұз қаласының әкімшілік сотында «дөңгелек үстел»

05/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық істердің қозғалуы» тақырыбына «дөнгелек үстел» өткізілді.

«Дөнгелек үстел» сот төрағасы Ғ.Қалдаровтың, Екібастұз қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерінің және Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық-процестік заңнама нормаларының бұзылуы анықталған

05/04/2017

 Баянауыл аудандық сотымен алкогольді мас күйінде болған көлік құралын басқару құқығынан айрылған адам болып көлік құралын басқару фактісі бойынша И. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотпен И.2017 жылғы 05.03. сағат 22-45 И. Баянауыл ауылында, ішімдік ішкен күйінде бола тұра 3 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра «Лада 2121» маркалы автокөлігін Сәтбаев көшесі бойымен жүргізген және Баянауыл аудандық ІІБ полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды.

Көрiнеу жалған сөз жеткiзген үшін бір жылға бас бостандығынан айыру

05/04/2017

2016 жылы 14.12. сағат 18.00 минут шамасында Баянауыл аудандық ІІБ 2016 жылы 13.12. сағат 21.00 минут шамасында Калкаман-Керней тас жолында белгісіз тұлғалар еш себепсіз дене жарақатын келтіріп, оған тиесілі 140000 тенге ақшалай қаражатын ашық иемденіп алғанын көрсетіп жазбаша өтінішпен жүгінген.

Аталған факт сот алдындағы тергеу бірыңгай реестірінде тіркелген.

Сот алдындағы тергеу барысында К.-ға қатысты тонау фактісі болмағандығы және К. дене жарақаты танысы А. өзара төбелесу барысында келтірілгені анықталды.

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілік

05/04/2017

Павлодар аудандық сотында алдағы уақытта сот актісін орындамау фактісі бойынша сотқа берілген азамата Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Павлодар аудандық сотының алдағы заңды күшіне енген сот шешімімен азамат Б. «Н» АҚ-ның пайдасына 342 991 теңге өндіріліп алынған. Бірақ, азамат Б. сот шешімін орындаудан жалтараған.

Сотта істі қарау кезінде азамат Б. өз кінәсін мойындады. Жасаған ісіне өкініп, сот шешімін толық мөлшерде орындауға шара қолдануға міндеттенді. Сотты қатаң жазаламауды сұрады.