Архив событий

11/04/2017

Ювеналды сотта " Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйі" тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні

11/04/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдерімен 2017 жылдың 14 наурызында" Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйі" тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.Жанабекова мектеп оқушыларына сот ғимараты бойынша  шолу экскурсиясын өткізді.

Колледж студенттеріне арналған «ашық есік күні»

11/04/2017

"Павлодар басқару колледжі" ЖМ ҚБ және ИНЭУ колледжі студенттері үшін ашық есік күні өткізілді.

Осы іс-шара шеңберінде судья М.А.Иванова, Г.Б.Рахматулина студенттер үшін " Ұлт Жоспарын бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамы-баршаға бірдей осы заманғы мемлекет", "Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге", "1979 жылы 18 желтоқсандағы әйелдерге қатысты барлық нысандарын кемсітушілікті жою туралы Конвенцияны қолдану туралы", "Ювеналды сот ісін жүргізу өзекті мәселелер туралы" тақырыбтарында дәрістер оқылды.

Ювеналдық соттың судьясы Республикалық мемлекеттік мекемесінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің оқу орталығы" тыңдаушылар алдында дәріс оқыды

11/04/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  М.А.Иванова баяндама оқыды Павлодар қаласында орналасқан Республикалық мемлекеттік мекемесінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің оқу орталығы" тыңдаушылар алдында дәріс оқыды.

Іс-шара "РММ-ІІМ ҚР Оқу орталығы" жайында өтті.

Әкімдермен құрылыс-монтаж жұмысы жоба құжатынсыз жүзеге асырылды

11/04/2017

Успен аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ның 314-бабының бірінші бөлігі - объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу бойынша алты ауылдық округының әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істер қаралды.

Успен аудандық сотының 2017 жылғы 3 айындағы жұмыстары қорытындыланды

11/04/2017

Успен аудандық сотының 2017 жылдың 3 айындағы сот жұмысын қорытындылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы Г.Мухаметкалиева қөрсетілген мерзім аралығында жұмысты қорытындылай отырып, оған сәйкес 2017 жылғы көрсетілген мерзімінде сотпен 11 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 8 тұлғаға қатысты 7 іс қаралғанын, 77 азаматтық іс аяқталып, 37 шешім шығарумен қаралғанын, 70 тұлғаға қатысты 70 әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Мектеп мұғалімі былыпыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды

11/04/2017

Шарбақты аудандық сотымен ауданның мектеп мұғалімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 09 мамырда түнгі уақытта мүғалім Шарбақты ауылының көшесінде бола тұрып, таныс қыздың атына былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сот оны ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-ның 434-бабының бірінші бөлігі) жасағаны үшін кінәлі деп танып, 22 690 теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Татуласуға байланысты жауапкершіліктен босатылды

11/04/2017

Шарбақты аудандық соты 2017 жылғы 07 наурызында үйінде бола тұрып, өзінің қарт әкесімен жанжалдасып оның атына былапыт сөздер айтып, қорқытқан Жылы-Бұлақ ауылының тұрғынын әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Сот қаулысымен ұлы мен әкесінің татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ата-аналардың жауапкершілігі

11/04/2017

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты аграрлы-техникалық колледжінің кәмелетке толмаған студенттің әкесі ұлының үш ай бойы сабаққа бармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70-бабына сәйкес,  бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын және баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Отбасылық жанжал медиация тәртібінде шешілді

11/04/2017

Шарбақты аудандық сотымен Тәджікстан Республикасының азаматы, Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты ӘҚБК 73 б. 1 б. (отбасы-тұрмыстық аясындағы құқықбұзушылықтар) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы 2017 жылдың 02 сәуірінде өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжал шығырып, балалардың көзінше оны балағаттаған.

Іс қарау барысында аталған тұлғалармен сотқа медиация тәртібінде татуласқандары туралы келісім ұсынылды.

Бейне бақылау бойынша материалдарды қарастыру мәселесі

11/04/2017

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев, сот Д.Нұржановамен, прокурор Ж.Сыздыковамен және сот қызметкерлерімен «Бейне байланыс бойынша материалдарын қарастыру сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілген.