Архив событий

18/04/2017

Істерді мұрағатқа тапсыру бойынша семинар

18/04/2017

Екібастұз қалалық сотында «Істерді мұрағатқа тапсыру кезінде істерді тіркеу бойынша талап» тақырыбына семинар өтті.

Баяндамамен соттың мұрағатшысы А.Андруневич сөз сөйледі, ол сот отырысы хатшыларына «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-жүргізу ережелерін» мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне назар аударды, оған сәйкес анықтамалық парақтарын ресімдеу өтеді және істерді тұтас мұрағатқа тапсыру өткізіледі.

«Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша хаттаманы толтыру сапасы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

18/04/2017

2017 жылғы бірінші тоқсанында соттармен шығарылған жеке қаулылардың үлкен көлеміне байланысты, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізу бастама болды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судья М.Мусабаев, кеңсе меңгерушісі М.Негметжанова, Павлодар қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Махватова және Павлодар қаласының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты.

«Әкішілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру және жолдау мерзімі» тақырыбына «дөңгелек үстел»

18/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілк соты «Әкішілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрасту және жолдау мерзімі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Мадиев қатысты.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары салық салу аясында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жолдау және құрастыру кезінде туындаған мәселелерін талқылап өтті.

«Мұрағатқа істер мен материалдарды тапсыру тәртібі» тақырыбына семинар

18/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мұрағатқа істер мен материалдарды тапсыру тәртібі» тақырыбына семинар өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі М.Негметжанова мен соттың мамандары қатысты.

Төтенше қызмет әскери қызметкерлердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

18/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әскери қызметкерлердің арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында әскери полицияның аға әскери офицері аға лейтенант А.Күлсибаевтің қатысуымен «Әскери қызмет және қорғаныс, әскери міндет аясында әкімшіілк құқықбұзушылық» тақырыбына семинар өтті.

Баяндамамен судья Б.Алинова сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар аталған тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылап өтіп, оның талқылау маңыздылығын белгілеп өтті.

"Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" талқылау бойынша семинар

18/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауын талқылауы бойынша судьялар мен сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

Отбасының тыштығы үшін қамаққа алынды

18/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы К. қатысты әкімшілік іс қаралды.                                               

«Арыз өтініштерді қайтару» атты тақырыбында экономикалық сотта семинар өткізілді

18/04/2017

Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта сот алқаларының қатысуымен  «Арыз өтініштерді қайтару» атты оқу-семинары өтті.

Сот алқаларының алдында өз баяндамасымен Г.К.Аубакирова арыз өтініштері жайлы сөз қозғады. Мәселен, азаматтық істерді қарастыру барысында ҚР АІЖК-нің 152 бабы бойынша арыз өтініштерді қайтарудың басты нысандарын атап өтті. 

Сонымен қатар, сот төрайымы қайтарылған арызды, арыз беруші жіберілген қателіктерді түзеп, қайтадан арыз беру мүмкіндігі бар екенін де айтты.

Павлодар облысы экономикалық сотында «Корпоративтік даулар» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

18/04/2017

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Корпоративтік даулар» тақырыбы бойынша сот алқаларының қатысуымен оқу семинары өтті.

Семинарды сот төрағасы М.А.Рысбеков, өз сөзінде корпоративтік құқық және корпоративтік басқару ұғымдарын толық ашып, нормативті реттеу деңгейі туралы айтты.