Архив событий

21/04/2017

Павлодар облыстық сотында пленарлық отырыс өтті

21/04/2017

Павлодар облыстық сотында 2017 жылғы 24 ақпанында Жоғарғы Сот Кеңесімен жарияланған, облыстық және оған теңестірілген соттардың, аудандық және оған теңестірліген соттардың төрағалары мен судьялардың бос лауазымдарына тұру конкурсына қатысу үшін үміткерлерді талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара әрекеттесу Кеңесі төрағасының м.а. С.Атымтаевтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

Тоғыз жыл өткен соң әкесі өз әкелігін мойындады

21/04/2017

Кәмелетке толмаған 2008 жылы туған Сауленің анасы  әке болуды анықтау туралы талап-арызбен Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді. Сот отырысында жауапкер жазбаша өтініш арқылы талап арызды мойындады. Сот шешімі бойынша ол Сәуленің әкесі ретінде танылып одан қызы кәмелеттік жасқа дейін сотқа талап-арыз күннен берілген бастап ай сайын ¼ бөлігі мөлшерінде алимент және сот шығындары өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жауапкер өзінің ата-аналық міндеттерін орындауға құқылы.

Ата-ана құқығын шектеуден соң баланың анасы ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген

21/04/2017

2000 жылы туған кәмелетке толмаған Айнаш анасының ата-аналық құқықтарын шектеуден кейін "Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" ММ шәкірті болды.  Ата-ана құқықтары шектеуден алты ай  мерзімі өткеннен кейін баланың анасы сотқа ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою туралы талап арызбен жүгінбеген. Осы себептер бойынша баланың заңды өкілі "Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" ММ   ата-ана құқығын айыру туралы атап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Баланың мемлекеттік мекемеде болу уақытында анасы барлығы үш рет баласына барған.

Ювеналдық сот шешімі бойынша ата-ана құқықтары қалпына келтірілді

21/04/2017

Ата-ана құқықтарын шектеу салдарын күшін жоя отырып ювеналды сот шешімі бойынша2008 жылы туған кәмелетке толмаған Дарья анасының тәрбиесіне берілді. Ата-ана құқықтары шектеу кезенінде баланың анасы өз мінез-құлқын өзгертіп, жұмысқа орналасып, мемлекеттік мекемедегі баласына жиі барып тұрған. Бұл мән-жайлар ата-ана құқықтарын шектеу зардаптарын күшін жою туралы сот шешімін шығаруға негіз болды. Сот шешімі заңды күшіне енді, кәмелетке толмаған бала отбасылық тәрбиеге берілді.