Архив событий

26/04/2017

Іздеуге жарияланды

26/04/2017

Шарбақты аудандық сотымен жеке сот орындаушысының кәмелетке толмаған балаларын асырап – бағуға алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға іздеу жариялау туралы 5 ұсынысы қанағаттандырылды.

 Жеке тұлғалар жөніндегі мемлекеттік мағлұматтар базасындағы мәліметтер бойынша борышкерлерШарбақты ауданында тіркеуде тұрады, алайда атқарушылық іс әрекеттер жүргізу барысында борышкерлердің қаулыда көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны анықталған.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген іздеуге жаряланған бес борышкердің екеуі әйел адам.

Шарбақты аудандық сотында сенбілік өтті

26/04/2017

Аудандық соттың ұжымы жалпы республикалық сенбілікке белсенді қатысты.

Сенбілікте сот аумағы толығымен қоқыстан, жапырақтардан тазартылып, ағаштар мен бордюрлар әктелді.

Сенбілік соңында сот төрағасы ұжымға сот ғимараты аумағын тазалау және көркейту үшін енгізген үлесі үшін алғысын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл

26/04/2017

Шарбақты аудандық сотының төрағасы Х.Сраилов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы және сот ғимараттарында смарт телефондарын қолдануға тыйым салынғаны туралы талқыланды.

Семинар соңында барлық мамандандардың назары мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға тиіс екендігіне назар аударылды.