Архив событий

01/06/2017

Пәтерді сату-сатып алу мәмілесі жарамды деп танылды

01/06/2017

Екібастұз қалалық сотымен М-нің К-ға тұрғын жайдан шығару  туралы, К-нің М-ға пәтерді сату-сатып алу  мәмілесі жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша біріктірілген  азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс қарау барысында  сот  1999 жылы  М.-нің пәтерге меншік құқығы қысқартылды деген тұжырымға келді, себебі  оның әрекеттері  ол пәтерді иелігінен шығарғанын және жауапкерге фактілі иеленуге, пайланауға барлық құқық танушы  құжаттарының телнұсқаларымен  тапсырғаны, сонымен қатар 17 жыл бойы  пәтерге өз құқықтарын арыздамағаны анықталды.  

Павлодар қаласының № 2 сотында үкіметсіздік ұйым өкілімен семинарлық сабағы өткізілді

01/06/2017

Павлодар   қаласының  № 2 сотында   ПФ ҚБ «Қазақстандық  халықаралық  адам құқығын  және  заңдылықты сақтау бюросы»  С. Ковлягина өкілі, сот мамандар қатысушылармен  «Бас бостандығынан айырудың мен бас бостандық шектеуі мерзімінде қинауын ескертіп қою» туралы тақырыбы бойынша семинарлық сабағы өткізілді.

МКҚБ-ның взвод командирімен жедел отырыс

01/06/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Сот ғимаратында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді күшейту туралы жедел отырыс өткізілді.

Осы отырыс сот қызметкерлерімен, Павлодар облысының МКҚБ-ның взвод командирі М.Мейрамовтың қатысуымен өткізілді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация тәртібінде татуласу» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

01/06/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация тәртібінде татуласу» темалы кәсіпқой емес медиатор Т.Абрамованың және Екібастұз қаласы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Осы шараның модераторы болып судья Д.Нұрсұлтанова сөйледі.

«Медиаця тәртібімен тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел

01/06/2017

Павлодар аудандық сотында ҮЕҰ-мен «Медиаця тәртібімен тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот судьясы А.С.Дюсебалиев., ОО мүгедектер «Самал» оңалту орталығы» өкілі З.Д.Багненко қатысты.

Павлодар аудандық сотында «Отбасы және неке дулары» тақырыбында ашық есік күні өтті

01/06/2017

Павлодар аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

Бұл күні төраға азаматтарға қатысты қолданылатын түрлі мәселелерге жуап берді.

Азаматтардың сұрақтарына ажырасуда туындайтын даулар, баланың тұрғылықты жері , мүлікті бөлу туралы әке болуды анықтау , ата-ана құқықтарынан шектеу мәселелері туралы нақты жауаптар берілді.

МКҚБ қызметкерлерімен семинар өтті

01/06/2017

Павлодар аудандық сотының төрағасы А.С.Дюсебалиев «Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында аға приставпен МКҚБ қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.

Баянауыл аудандық сотында «Ақ қайың» үкіметтік емес ұйым өкілі Б.Солдаттың қатысуымен «Азаматтық іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жүргізілуі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтк

01/06/2017

Өз баяндамасында сот төрағасы Д.С.Салатов, 2011 жылдың 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Аудандық сот тарапынан пилоттық жоба шеңберінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. С.Сағатов жобаның негізгі ережелерін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен бірге медиация тәртібімен дауларды реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, медиация тәртібімен міндетті шешуге жататын істердің санаттарына тоқталып өтті.

Баянауыл аудандық сотында азаматтар арасында сот жаңашылдықтары –«Сот кабинеті» сервисін көпшілікке тарату мақсатындасот төрағасы Д.С.Салатов «Халық Банкі» АҚ Баянауыл Басқармасының бастығы Б.К.Кабиевпен «Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізді

01/06/2017

Сот төрағасы Д.С.Салатов сот жүйесінің қызметіне заманауй ақпараттық технологияларды енгізу халықтың кең ауқымды сот ақпаратына қол жетімділігін ұйымдастыру  басты іс-шарасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2014 жылдың маусым айында «Сот кабинеті» сервисі енгізілген болатын және ол қолданушыларға үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай ақ сотқа өтініш, талап арыз, шағым, жүгіну қарама-қарсы талап арыз беруге мүмкіндік берілгенін атады. 

Баянауыл аудандық сотында «Тұрмыстық қысым көрсетудің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2017

Өз сөзінде сот төрағасы Д.С.Салатов «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы 04 желтоқсан 2009 жылы қабылданғанын және бұл заң тұрмыстық -отбасылық қатынастарды реттейтінін жеке тұрғылықты ұйдің шеңберінде бірге тұратын тұлғалардың және бұрын ерлі-зайыпты болған тұлғалардың  қарым-қатынастарын реттейтінін атап өтті. Тұрғылықты кемсітудің ең басты алдын алу субъектісі болып аталған заңның 10 тармағына сәйкес, ішкі істер органы болып табылады.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

01/06/2017

Баянауыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517- бабының 2- бөлігімен  Өзбекістан Республикасының азаматтарына  қатысты 4 әкімшілік  іс қаралды. (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасы болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)

Сотпен мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлерімен жедел мәжіліс өткізілді

01/06/2017

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ. М. Ертаев «Павлодар облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ-нің қызметкерлері мен аға сот приставтің қатысуымен, процестің қатысушылары мен сотқа келушілердің тарапынан заңсыз шараларды қамтамасыз ету, сондай-ақ сот талқылауға қатысатын тұлғаларды қорғау мақсатында жедел мәжілісті өткізді. Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотында болған оқиғамен байланысты, сотқа келушілерді мен процеске қатысушыларды мұқият тексеруді жүзеге асыру бойынша қосымша нұсқауды өткізу сұрақтары жөнінде осы  іс-шара өткізілді.

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың көші-қон аясындағы заңнаманы бұзу» тақырыпқа семинар сабағы

01/06/2017

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.М.Ертаевпен судья А.Бесееваның және аудандық прокуратураның прокуроры С.Калымның қатыстысуымен «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың   көші-қон аясындағы заңнаманы бұзу » тақырыбында семинар сабағы өткізді.

2-ші топтағы мүгедекке 200 АЕК айыппұл салын

01/06/2017

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 6 бөлігі 608 бабымен көзғалған   азамат Ч- қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 15 сәуірде азамат Ч. Железин ауылында, көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлға болып, «ЗАЗ 968 М» маркалы автокөлікті алкогольды масаң күйде басқарды.

Сот істі қарау кезінде, азамат Ч. 2-ші топтағы мүгедек екені, осыған орай ӘҚБтК-нің екінші бөлігі 50 бабының күшіне, құқық бұзушылық жасаған үшін көзделген айыптауымен, әкімшілік қамау оған қолданылмайтыны аңықталды.