Архив событий

06/06/2017

Заңсыз тапанша ұстағаны үшін бас бостандығы шектеліп, мүлкі тәркіленді

06/06/2017

2017 жылдың ақпан айының 13 жұлдызы сағат 13-00 шамасында Т.Арыстанбеков Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылының сыртына ауылдан 3 шақырымдай жерге жаяу шығып, жазық далада қар үстінде жатқан полиэтиленді пакет тауып алған, ішін ашып қараған уақытта 97 дана оқ-дәрілер бар екенін көрген, ол оқ-дәрілерді алып үйіне әкеліп жататын бөлмесіндегі сейфқа салып қойып, заңсыз сақтаған. 

Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау тақырыбында семинар өтті

06/06/2017

Павлода қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  бас маман К.Б.Дюсембаева  «Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға  Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары  қатысты. Шара  барысында  апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау тәртібі туралы айтылды.

Мемлекет пайдасына 113 450 теңге айыппұл өндірілді

06/06/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 5-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,  қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  Р көлік басқару құқығынсыз, Павлодар қаласында Бекхожин көшесінде көлік басқарып келе жатып жолда жүру ережелерімен тыйым салынған жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігін бұзғандығы анықталды.    

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жазаға тартылды

06/06/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімщілік сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С-қа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, әкімшілік іс бойынша құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойыншы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот отырысынан қашып кеткен. Істі құқықбұзушы қатысуынсыз қарау мүмкін болмағандықтан іс кешке қалдырылған.

Сот тұрмыстық қызмет тұтынушынының құқығын қорғады

06/06/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС  тұтынушысы төлемдер заңсыз түрде болып жатқанын мәлімдеді.

Арыз беруші өзінің тұрып жатқан объектінде желілік судың температурасы артқаны туралы және белгілі уақытта бұл мәселені шешу керек деген хабарлама келді.

Бірақ энергиямен жабдықтаушы ұйым заңнамаға сәйкес емес әрекет жасады.

2017 жылдың 5 айының қорытындылары бойынша өткізілген брифинг

06/06/2017

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Т.Нұрғалиев, 2017 жылдың 5 айындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен «Бейбітшілік» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіді.

А.Т.Нұрғалиев қорытынды анықтамасында ағымдағы жылдың 2 айының бойынша жұмыстардың нәтижелеріне, сотпен шығарылған өкімдердің, қаулылардың, жеке ұйғарымдар мен шешімдердің санына тоқталып өтті. Өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырылуымен сот төрелігінің сапасы туралы анықтамада баяндалды.

Ата-аналық құқығынан айырудан бас тартты

06/06/2017

Талапкер Б. сотқа  әйелі болған М.-ны ата-аналық құқығынан айыру  талап арызбен сотқа жүгінді, өз талаптарына уәж ретінде жауапкер бала тәрбиесімен айналыспайтынын ата-аналық құқығын шектеу қаулысын мерзімі өткеннен кейін бұзу туралы арыз бермегенін  келтірді.

Сот  отырысы  барысында  талапкер ата-аналық құқығынан айыру оған толық емес отбасы статусын алуға және пәтер алу үшін қажет екенін түсіндірді. 

Сотта «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін істерді қарастыру тәртібі» тақырыпқа семинар сабағы өтті

06/06/2017

Железин аудандық сотында   «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін істерді қарастыру  тәртібі» тақырыбына  сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот қызметкерлері  қатысуымен семинар өткізілді.

 ӘҚБК 818-бабының 2-бөлімінде сот талқылауы барысында іске қатысушы тұлға жағынан сотқа құрметтмеушілік көрсету фактісі бойынша істі қараудың арнайы тәртібі қарастырылған.

Бала асырап алу туралы сұрақтар бойынша семинар

06/06/2017

2017 жылғы 01 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бала асырап алу туралы заңнамалық реттеудің сұрақтары бойынша семинар өтті.

Іс-шараға "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ қамқоршылық және қорғаншылық органының, "Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы" ММ өкілдері сотының судьясы қатысты.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

06/06/2017

Железин аудандық сотымен (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластауда көрінген, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзатын) ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша азамат Ф-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 27 мамырда 12:15 сағатқа жуық Ф. Церковное ауылы ортақ орында, Мира көшесінде орналасқан «Детский сад» аумағында, темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластағандығы анықталды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы заңының нормаларын қолдану тақырыбында ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өтті

06/06/2017

2017 жылғы 02 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыда ҚР 2004 жылғы 9 шілдегі №591 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңының нормаларын қолдану тақырыбында семинар өтті.

Ішкі істер бөлімінің қауылысын орындамағаны үшін әкімшілік айппұл салынды

06/06/2017

Железин аудандық сотымен (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) ӘҚБтК-нің 669-б. бойынша   әкімшілік айыппұл салу туралы ІІБ-нің қаулысын орындамау фактісі бойынша азаматшы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында азаматшы Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық көлемде мойындап, қазіргі уақытта жұмыс істемейтінін, балалардың тәрбиесімен айналысатынын, деп түсіндірді, және оның жұбайы жұмыс істейді, мүмкіндік болған кезде төлейді, деп көрсетті.  

Халықтың көші-қоны туралы тақырыпқа дөңгелек үстел

06/06/2017

Железин аудандық сотында «Халықтың көші-қоны туралы» тақырыбына  сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, аудан прокуратурасының прокуроры  С.Қалым, Железин ауданының ІІБ көші-қон тобының  инспекторы К.Анциферова, «Железинка» шеқара комендатураның әкімшілік құқықтық жұмысын комендантының көмекшісі   Т.Канафин  және сот мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.