Архив событий

08/06/2017

Лебяжі аудандық сотында әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын түйінді мәселелерді талқылады

08/06/2017

Лебяжі аудандық сотымен сотқа әкімшілік істерді уақытында жолдау, айғақтарды ұсыну, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы құру, сондай-ақ 2017 жылғы 5 айына ішкі істер органдарымен қозғалған әкімшілік істерді қысқартудың мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судьялар, прокурорлар, жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Судья Б.Сабитденова сөз сөйлей отырып, 2017 жылғы 5 айында сотпен 111 әкімшілік іс қаралғанын атап өтті.

Май аудандық сотында 2010-2020 жылдарға Қазақстан Республикасы құқықтық саясат Концепциясының негізгі бағыттарын талқылап өтті

08/06/2017

Май аудандық сотында  2010-2020 жылдарға Қазақстан Республикасы құқықтық саясат Концепциясының негізгі бағыттары» тақырыбына үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «дөңгеле үстел» өткізілді.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева баяндамамен сөз сөйлей келе, Концепцияның негізгі қағидаларын атап өтті.

Соттың төрағасы Ұ.Рахымбергенова мемлекеттің құқықтық дамуы бойынша негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Май аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау. АПК-нің 13 тарауын талқылау» тақырыбында семинар өтті

08/06/2017

 

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ұ.Рахимбергенова, «Банк Хоум Кредит» АҚ-нің өкілі А.Каменов және сот мамандары қатысты.

Абайсыздан 4 айлық баланың өліміне әкелді

08/06/2017

Шарбақты аудандық сотымен абайсыздан өлімге әкелу фактісі бойынша қозғалған 1989 жылы туған аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 14 наурызында сотталушы алкоголь пайдаланғаннан кейін екі адамдық төсекте төрт айлық баланы жанына алып жатқан. Ұйқы кезінде қызын кеудесіне қысқан, осылайша оның тыныс алуын бөгеп тастаған, кейін баланың өліміне әкелген.

Сот тасымалдау мен артуды автокөлік құралдарына тыйым салды

08/06/2017

Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы «Э» ЖШС атына сотқа шағымданып, тасымалдау мен арту нормалық параметрден асып, автокөлік құралдарына тыйым салынуды өтінді.

Соттың анықтауы бойынша жауап беруші нормалық параметрден асып автөлікпен тасымалдау жасағаны анықталды. Бұл ҚР территориясында  бақылау талоны арқылы жүргізіледі.        

Жауап беруші 2016 жылы 3 рет ақпан және шілде айларында әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Шаруа қожалығынан жер телімі алынды

08/06/2017

«Павлодар облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» КХ «Смагулов Н. К.» атына сотқа шағымданып, бөлінген жер телімін дұрыс емес пайдаланды деп арыз берді.

Сот отырысында Железинка ауданы әкімдігінің қаулы бойынша 12 тамыз 2005 жылы жауап берушіге жер телімі шаруа қожалығын жүргізу үшін берілгені анықталды.

Берілген жер телім 10 жыл бойы дұрыс бағытта қолданылмады.

Айтылған қателіктер жөнделген жоқ. Бұл ҚР заңнамасына сай келмейді.