Архив событий

09/06/2017

Кәмелетке толмаған оның анасын ата-ана құқығынан айыруға қарсы болмады

09/06/2017

Талапкер  К  сотқа  Н. ды ата-аналық құқығына айыру туралы  талап арызбен сотқа жүгінді, жауапкер кәмелетке толмаған баланың анасы бола тұра, ұзақ уақыт өзінің  ата-аналық міндеттерін тиісті орындамайды деген уәждер айтты. Бұрын Павлодар  облысының ауданаралық мамандырылған сотының шешімімен Н-ға ішімдікке салынғаны үшін, әлеметтік теріс өмір салтын сүруіне, тұрғылықты мекен-жайы бойынша жағымсыз мінезделгеніне, бала тәрбиесінен өздігінен  бас тартқанына байланысты ата-аналық құқығына шектеу қойылған.

Сотпен қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаны орындауға мерзімін ұзарту ұсынылды

09/06/2017

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 6 бөлігі (Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ алкогольді мас күйінде болған жүргізушінің көлік құралын басқару) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 01 маусымның  сағат 00:35 минут шамасында Железин ауылында автокөлікті басқаруға құқығы жоқ  бола тұрып, «VolkswagenGolf» маркалы автокөлігін басқарған.

Сотпен балық аулау ережесін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалды

09/06/2017

Железин аудандық сотымен балық аулауда өрескел бұзушылық фактісі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 26 мамырда саған 19.00 шамасында заңсыз балық аулау іс-шара рейдің өткізу уақытында Железин ауданы Башмачное ауылының жаңында Ертіс жағалауында қару қолдануға тиым салынған балықты аулауды қасақана түрде жүзеге асырған азамат Б. ұсталған.  

«Орындаушы құжатын орындамағаны үшін 3 тәулік әкімшілік қамауы»

09/06/2017

Ертіс аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Кодексінің  «Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде» (орындаушы құжатын орындамау) 669-бабы бойынша М. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

2017 жылғы 25  ақпанында Ертіс ауданының ІІБ-нің  қаулысымен  М. ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша 30 тәулік мерзімінде өз еркімен төлеу мерзімімен 11 345 тенге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындаумен қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ айыппұл онымен өз еркімен төленбеген.

«Ағымдағы жылдың 5 айына аудандық сот 33 адамды көлік құралын басқару құқығынан айырған»

09/06/2017

Ертіс аудандық сотымен  2016 жылғы 5 айында 90 әкімшілік істер қаралды, солардың ішінен  ӘҚБтК-нің 30 тарауы (Көлік құралындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар) бабы бойынша - 33 іс.  

Өткізілген талдау нәтижесінде, істердің басым көпшілігі ӘҚБтК-нің 608-бабы 1- бөлігі бойынша   – 26 іс немесе жалпы санынан  28,8% құрады. 

Өткен жылмен салыстырғанда аталған істер санаты бойынша істер түсуінің төмендеуі байқалды (2016 жылы- 117 іс немесе 32%).

Трактордың трактісін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

09/06/2017

Ертіс аудандық сотымен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдармен ұрлық жасау фактісі бойынша қозғалған  К. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 08 мамырда сотталған К. мен Ж. Кызылкак ауылында орналасқан үйдің жанынан өткен кезде 37 данада «Т-4»  маркалы шынжыр табанды трактордың металды трактілерді байқаған. Алдын ала келісімге отырып, ұрлық жасауды шешті. Одан кейін К. мен Ж. сындырып оның ішінен 7 000 теңге тұратын 37 данадағы трактілерді алып шыққан.

«Қылмыстық істер бойынша медиацияны белсенді қолдануы сотпен қаралған қылмыстық істер санының азаюына әрекет етеді» тақырыбына «дөңгелек үстел»

09/06/2017

Ертіс аудандық сотымен «Қылмыстық істер бойынша  медиацияны белсенді қолдануы  сотпен қаралған қылмыстық істер санынын азаюына әрекет етеді» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілген,  онда судья Д.К.Нұржанова, прокурор Ж.А.Сыздықов және адвокат Т.Т.Джангульдинов  қатысты.