Баянауыл аудандық сотының сот приставы М.Діншенің жүргізуімен «Сот ғимаратында азаматтардың кіріп шығуын реттеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өтті
Шараға сот төрағасы Д.С.Салатов және сот мамандары қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша сот приставы М.Дінше баяндама жасап, мамандарға сот ғимаратына кіріп-шығу кезінде ереже талаптарын қатаң сақтау тиіс екенін, сонымен қатар, ережеде бірінші кезекте судьялардың, қызметкерлер және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделгені жөнінде айтып өтті.