Архив событий

16/06/2017

Май аудандық сотында «Медиация» Заңын кеңінен қолдану бойынша дөңгелек үстел өткізілді

16/06/2017

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова, кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева, сот қызметкерлері, прокуратура өкілдері, қорғаушылар мен кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында медиация әдісін қолдану бойынша пікірталас тыңдалып, кәсіпқой емес медиатордың құқықтары мен жауапкершілігі, медиативтік келісімді жасауы туралы, медиация әдісін халыққа насихаттау бойынша сұрақтар қойылды. Дөңгелек үстелде барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілді.

«Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел

16/06/2017

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев, «Нұр ана әлемі» областық филиалдың өкілдері және сот қызметкерлердің қатысуымен Гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асыруға  арналған «Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29-қарашадағы «Қазақстан Республикасында  2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлығының негізгі мазмұнымен таныстырып өтті.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотталған

16/06/2017

2017 жылдың  24 наурызынан   қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Р азамат ішімдіек ішу жағдайында  Ертіс ауданының ІІБ  қызметкерін  жақтырмай  ИВС полицпейі К азаматқа басқа тұлға болып өзщін таныстырып  ертіс ауданының ІІБ  кезекшілік бөліміне жалған қоңырау соққан.  Ертіс ауданының ІІБ  қызмектерлерінің келуінде Р азамат К азаматқа жабылған, күш көрпспету барысында бірнеше рет арқасынан тістеп алған,  солан кейін қылмыс жасаған жерінени  қашып кеткен.   СМЭ  қорытындысына сәйкес  жәбірленуші К азаматқа  денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірілген.

Кабелді теледидар желісіне санкциясыз қосылу үшін жауапкершілік

16/06/2017

Павлодар облысы Ақсу қалалық сотымен «АЛМА-ТВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің азамат О-ға қатысты залал сомасын өндіру жөніндегі азаматтық іс қарастырылды. Талап арыз толық қанағаттандырылды, сонымен қатар ҚР АПК-нің 109 бабына сәйкес сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын, 341 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын және 636 теңге мөлшерінде пошта шығындарын, өндірді.

Әйелдерген қатысты кемсіту және олардың құқықтары

16/06/2017

Ақтоғай аудандық сотында биліктің жергілікті атқару органдарының, ішкі саясат бөлімінің және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерген қатысты кемсіту және олардың құқықтары» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Шараға Ақтоғай аудандық ІІБ әйелдерді қорғау бойынша инспекторы Е.Атейхан, Ақтоғай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Машрикова және кәсіби емес медиатор Г.Н.Савчук қатысты.