Архив событий

20/06/2017

«Сот кабинеті» сервисін насихаттау

20/06/2017

Екібастұз қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисін насихаттау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.   

Іс-шараға Екібастұз қаласының коммуналдық қызметтер өкілдері қатысты: «Экибастузэнерго» ЖШС-і, «Горводоканал»МКҚМ ,  ТОО «Павлодарэнергосбыт» ЖШС,  Казахтелеком АҚ-ы, пәтер меншік иелерінің коокперативтері, тұрғын үйлерге қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер.

Сотты құрметтемеушілік

20/06/2017

Ақсу қалалық сот қаулысы бойынша құқықбұзушы М. сотқа құрметтемеушілік білдіріп, тағайындалған сот отырысына келмегені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі жаза тағайындалды.

Азамат М. әкімшілік іс бойынша құқықбұзушы болып өтеді, бірақ сот отырысына белгісіз себебтермен келмеуіне байланысты сот процесі кейінге қалдырылған.

Қаулы заңды күшіне енді.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні

20/06/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтар мен заңды тұлғаларды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі айрықшылығымен таныстыру үшін ашық есік күні өтті.

«Алқабилерді іріктеу» тақырып бойынша семинар

20/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилерді іріктеу рәсімі» тақырып бойынша судьялар және сот мамандарымен қатысуымен семинар өткізілді.

«Сот кабинеті» тақырып бойынша Павлодар облыстық адвокаттар алқасымен қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

20/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шараға Павлодар облыстық адвокаттар алқасы мүшелері М.Мусинов, А.Тулегенов, Б.Мукашев, кеңсе меңгерушісінің міндет атқарушы С.Кабдыгалиев және сот мамандары қатысты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырып бойынша үкіметтік емес ұйымдар қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

20/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырып бойынша З.Нагих «Ана» қоғамдық бірлестігінің өкілімен дөңгелек үстел өткізілді. Мамандардың алдында З.Нагих «Ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы баяндама жасады. Ол бүгінде Қазақстанда өлшенген гендерлік саясат өткізілетінін айтып берді, тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдерге қатысты біраз жақсарту қазірдің өзінде саясат арқасында қол жеткізілді.

Бейне конференц байланыс қолдану тақырып бойынша семинар

20/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырысын бейне конференц  байланыс өткізу» тақырып бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Нуркиев, судьялар Н.Айтбаев, Б.Нурланов, К.Сатабаев, кеңсе меңгерушісінің міндет атқарушы С.Кабдыгалиев және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы А.Нуркиев бүшінгі таңда соттарда инновациялық технологиялар енгізуге байланысты істерді бейнеконференц байланыс арқылы қарау мүмкіндігі бар екенінін атап шықты.