Архив событий

22/06/2017

Полиция күні қарсаңында Ертіс аудандық сотымен АҚКБ қызметкерлері марапатталған

22/06/2017

1992 жылы ҚР Жоғарғы кеңесі  «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жөнінде» заңын қабылдаған.  2007 жылы мемлеке басшысының жарлығымен   23 маусым полиция Күні болып ресми бекітілген және сол күннен бастап   бұл күн мерекеленуде.  

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Т. Нұрғалиев  Қазақстан Республикасының  қазақстан полиция күні қарсаңында  АҚКБ қызметкерлеріне  мінсіз қызметі үшін  алғыс хатын табыс еткен. 

Павлодар облысының соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

22/06/2017

Бүгін Павлодар облысының судьялар корпусына жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Іс-шараға облыстық және қалалық соттардың судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы, облыс әкімі Аппаратының басшысы, сондай-ақ облыстық және қалалық прокуратураның өкілдері қатысты.

Елбасының 2017 жылғы 14 маусымдағы Жарлығына сәйкес азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына бұдан бұрын Батыс-Қазақстан облыстық сотында ұқсас лауазымды атқарған Бақытбек Бегалиев тағайындалды.