Архив событий

03/08/2017

«Сот шешімін орындау тәртібі » семинар-кеңесі

03/08/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот шешімін орындау тәртібі» тақырыбына семинар-кеңесі өтті.

Семинар жұмысына соттың судьялары, прокурор Г.А.Тұяқбаева, кеңсе меңгерушісі Г.Ж.Жанабекова, Павлодар облысынң атқару органының жеке сот орындаушысы А.Ю.Цечоев қатысты.

Сот төрағасының м.а. М.Дәйкенов өзінің сөз сөйлеуінде қатаң түрде  сот шешімін орындау қажеттілігіне назар аударды.

Павлодар аудандық сотында «Соттарда іс жүргізу бойынша нұсқаулық. Сот отырысы жұмысының негізгі орындары талқыланды» тақырыбына семинар өтті

03/08/2017

Аталған іс-шараға соттың мамандары мен сот отырысының хатшылары қатысты.

Сот қызметін құжатнамалық қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында әзірленген аудандық соттарында сот ісін жүргізу бойынша нұсқаулық аспектілері талқыланды. Сондай-ақ іс-шара кезінде хатшылардың негізгі функциялары талқыланып өтті, олар сот отырысында қарауға материалды дайындау, сотқа шақыруларды жолдау, адамдарды шақыру, хаттамалар жүргізу, істерді рәсімдеу, істерді мұрағаттау, оны кеңсеге тапсыру және т.б.

Павлодар аудандық сотында мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу атты тақырыбында семинар өткізілді

03/08/2017

Павлодар аудандық сотында Мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу атты тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс шараға  кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандары қатысты.

Май аудандық сотымен медиация туралы пилоттық жоба түсіндірілді

03/08/2017

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахымбергенова дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу мәселелерін талқылаған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Май аудандық «НұрОтан» партия филиалының ғимаратында өткен іс-шараға үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, денсаулық және білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының өкілдері мен  аудан тұрғындары қатысты.

Май аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды

03/08/2017

 

Май аудандық сотында «Жол жүру, қоғамдық қауіпсіздік саласында және тұрғындардың көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде жіберілетін бұзушылықтар» тақырыбында «семинар» өткізілді.

«Семинар» жұмысына сот төрағасы, прокуратура органдарының, көші-қон полициясы тобының өкілдері, Май аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ «СК Казахинстрах» АҚ сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңнама өзгерістерін талқылады

03/08/2017

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында оңтүстік, солтүстік және орталық полиция бөлімдерінің, Павлодар қаласының ішкі істер Басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.   

«Дөңгелек үстел» барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды.

Медиация мәселелері бойынша қолданып жүрген заңнамасына ұсынылатын түзетулер талқылау үшін кәсібисіз ұйым өкілдерімен отырыс өткізілді

03/08/2017

Павлодар облысы Ақсу қалалық сотында сот төрайымы Қ.Ә. Темірова, судьялардың және кәсіби емес медиатор З.А. Арынов пен медиатор А.Р. Касымбековтың қатысуымен жеке санаттағы істер бойынша медиация тәртібінде сотқа дейін дауларды реттеуді енгізуіне байланысты қолданыстағы заңнамаға ұсынылған түзетулерді талқылау жөнінде жиналыс өткізді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

03/08/2017

Павлодар аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын талқылау мақсатында семинар өткізілді.

 Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.