Архив событий

07/08/2017

Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді

07/08/2017

Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Ұ. Рахимбергенова, кеңсе меңгерушісі З. Жүнісбаева, сот приставы мен сот мамандары және МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Семинар өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу режимінің талаптарын сақтау болып табылады.

«Сот отырысында дыбыс-бейне жазбаны қолдану» тақырыбына семинар сабағы

07/08/2017

Железин аудандық сотында «Сот отырысында дыбыс - бейнежазбаны қолдану» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары және аудандық сотының кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында сот отырысының хатшысы – бас маман Д.Ешматова, сот төрелігін іске асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың келешек бағытының бірі, сот ісін жүргізу барынша айқындыққа қол жеткізуге ақпаратты технологияларды қолдану, соның ішінде бейне-бейнежазба қолдану деп атап өтті.

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы «дөңгелек үстелде» талқыланды

07/08/2017

Железин аудандық сотында төрағасы Ғ.Ертаевтың, судья А.Бесееваның, аудан прокуроры М.Касымовтың, аудандық ІІБ басшысы Е. Нургалиевтың, аудандық ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары С. Дюсембаевтың, аудандық ІІБ қызметкерлердің және сот мамандардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңымен талқылау атты тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.

2017 жылғы 1 жартыжылына соттың атқарылған жұмысы туралы қорытынды шығарылды

07/08/2017

Железин аудандық сотында ағымдағы жылдың 1 жартыжылындағы сот жұмысын қортындылау бойынша пресс-конференция өтті.

Пресс-конференциға сот төрағасы Ғ.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова, жергілікті бұқаралық ақпарат құралының «Родные просторы» газетінің корреспонденті А.Ханенко және сот қызметкерлері қатысты.

«Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» тақырыпқа «дөңгелек үстел»

07/08/2017

Железин аудандық сотында «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы » атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.М.Ертаев, Железин ауданының прокуратураның прокуроры С.Қалым, ҚР ҰҚК ШКҚ 2033 әскери бөлімінің әкімшілік құқықтық жұмыс бойынша бақылаушы қатардағы жауынгер А.Кулатаев   және  сот қызметкерлері  қатысты.