Архив событий

09/08/2017

Павлодар аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті

09/08/2017

Павлодар  аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды  орындауға жолдау тәртібі»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті. 

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

«Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» өткізілді

09/08/2017

8 тамыз 2017 жылы Май аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Май аудандық сотының сот төрағасы Ұ.К.Рахимбергенова «Медиация күні» қарсаңында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс –шарада барлық мүдделі тұлғаларға «Медиация туралы» Заңды түсіндіре отырып тегін заң көмегін көрсетілді, сондай-ақ жергілікті халық арасында медиация институт насихаттау жұмыстары жүргізілді.

«Ертіс аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша дөңгелек үстел өткізілген»

09/08/2017

Ертіс адандық сотымен сот Д.К.Нұржанова,  сот қызметкерлері,   прокурор Ж.А. Сыздықов  және Ертіс ауданының ІІБ учаскелік инспекторының қатысуымен   Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша дөңгелек үстел өткізілген.

2017 жылдың 7 айының қорытындылары бойынша өткізілген брифинг

09/08/2017

Ертіс аудандық сотының төрағасының міндетті атқарушы Д.К.Нұржанова, 2017 жылдың 7 айындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен «Бейбітшілік» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіді.

Д.К.Нұржанова қорытынды анықтамасында ағымдағы жылдың 6 айының бойынша жұмыстардың нәтижелеріне, сотпен шығарылған өкімдердің, қаулылардың, жеке ұйғарымдар мен шешімдердің санына тоқталып өтті. Өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырылуымен сот төрелігінің сапасы туралы анықтамада баяндалды.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күнін өтті

09/08/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотымен «Сот кабинеті» электрондық ақпарат қызмет көрсетуінің артықшылығы жөнінде жеке және заңды тұлғаларға таныстыру мақсатында ашық есік күні өткізілді. 

Сотта «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені бекіту туралы өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша брифинг өткізілді

09/08/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен

 «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені бекіту туралыөкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу  бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке «БАҚ» өкілдері судьялар мен соттың мамандары қатысты.

Экономикалық сотта «Субсидиярлық жауапкершілікке тарту» тақырыбына семинар өткізілді

09/08/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларымен «Субсидиярлық жауапкершілікке тарту» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарды аша отыра, сот төрағасы М.А. Рысбеков, 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен (әрі қарай – Заң) борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) және лауазымды адамының субсидиялық жауапкершілігі көзделгенін баяндап айтты.

Сотта «Қазақстан Республикасы соттарының мәртебесі және сот жүйесі жөніндегі» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша семинар өткізілді

09/08/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен

«Қазақстан Республикасы соттарының мәртебесі және сот жүйесі жөніндегі» 14 шілдеде күшіне енген  Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізулерінеталқылау семинары өткізілді.

«ҚР Бас прокуратурасының және ҚР Жоғарғы сотының сұранысы бойынша істерді жолдау» тақырыбында семинар

09/08/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР Бас прокуратурасының және ҚР Жоғарғы сотының сұранысы бойынша істерді жолдау» тақырыбында семинар откізілді. Семинар отырысында кеңсе меңгеруші Х. Сагадеев және мамандар қатысты.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер және толықтамалар еңгізу жөнінде талқылау

09/08/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан Республикасының сот жүйесі  және судьяларының мәртебесі туралы"  конституциялық заңға өзгерістер және толықтамалар еңгізу жөнінде талқыланды, оларға сәйкес:

- судья кандидаттарына 30 жасқа дейін ұзартылды;

- полиграфтік зерттеу және тағылымдамадан өту жөнінде талап судья қызметіндегі кандидаттарға таратылмайды;

Май аудандық сотында жаңа қылмыстық-процестік заңнама аясында тергеу судьяларының қызметі талқыланды

09/08/2017

Май аудандық сотында «Соттардағы айыптау мен қорғау арасындағы теңдікті қамтамасыз ету: тергеу судьяларының өкілеттілігін арттыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова, аудандық прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің және адвокаттар қатысты.

Айыппұлдарды өндіріп алу бөлігінде үкімдерді орындау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

09/08/2017

Павлодар қаласының №2 сотында төрағаның м.а. А.Ш. Оспанов, судьялар, Павлодар облысының  қамтамасыз ету атқарушылық іс жүргізу басқармасының басшысы А. Камарова «Үкімдер бойынша мемлекет кірісіне төленген айыппұлдардың орындалуы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар соттарға әдейі айыппұл төлеуден жалтарағандарға қатысты жазаны ауыстуруға ұсыныстар жолдау және айыппұлдарды орындау бөлімінде бүгінгі уақытта көкейкесті мәселелер бойынша жағдайларды талқылап өтті.

Пәтерді су басу туралы іс медиациялық келісімге жетті

09/08/2017

Ақсу қалалық сотымен талапкер К.-ның азамат Т.-ға пәтерге су басу салдарынан әкелген шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арызда жауапкер Т. талапкердің бір қабат төмен тұратын пәтеріне су басқан. Дәліз, ас үй және бөлме су басып, киімдер мен жиһаз суланып қалған.

  Азаматтық істі қарау барысында тараптар сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды, оның шарты бойынша талапкер жауапкерге қатысты өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер шығынды өтейді.

Полиция қызметкерлеріне бағынбау

09/08/2017

Ақсу қалалық соты полиция қызметкерлерінің талаптары мен заң  өкімдеріне бағынбау факті туралы іс қаралды.

Материал сәйкес, құқықбұзушы П. 2017жылғы 28 шілде айында 22 сағат 50 минут кезінде мас күйінде бола тұра,  Ақсу қаласы,  Астана көшесі № 34 үй 5 подъезд жаңында полиция қызметкерлерінің өз қызмет міндеттерін атқаруында заңды талаптары мен заң  өкімдеріне бағынбаған.

Осы факт бойынша П-ға қатысты  ӘҚБтК-нің 667-бабы, 1-бөлігіне  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық хаттама құрастырылды.