Архив событий

10/08/2017

Сотпен әкімшілік іс бойынша құқық бұзушылық құрамының болмауы салдарынан іс жүргізуі қысқартылды

10/08/2017

Железин аудандық сотымен (ӘҚБтК-нің 611-б. 3-б.), көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушінің жол жүру қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы фактісі бойынша, әкімшілік іс қаралды.

«Азаматтардың сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы» тақырыбына семинар сабағы өтті

10/08/2017

 

Железин  аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Азаматтардың сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова жұмыс барысында, хабарламалар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақытылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс екенін айтты.

Экономикалық сотта мамандардың қатысуымен семинар өткізілді

10/08/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мамандардың қатысуымен «Видеоконференция байлынысы жүйесі арқылы сот отырыстарының өтуі және пайдаланылуы» атты семинар өткізілді.

Сотпен жеке кәсіпкерден автосигнализацияны орнатқан кезде көліктің ақауына әкеп соққаны үшін залал өндірілді

10/08/2017

Павлодар қалалық сотында азамат К-нің жеке кәсіпкерге қатысты ABS блогының құны түрінде, автосигнализация орнату бойынша қызмет құны және 1 000 000 теңге көлеміндегі моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызы қаралды.

Сот жеке сот орындаушының іс-әрекетіне шағым келтіруін қанағаттандырудан бас тартты

10/08/2017

Талапкер С. жеке сот орындаушысы А.-дан тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсалған шығындарды өндіріп алу туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талаптарын 2017 жылдың 3 наурызында электрондық сауда-саттықта Лада 21703 маркасының автокөлік құралын сатып алғанымен ынталандырды. Сатып алынған көлік 2017 жылдың 9 наурызында қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілді. Автокөлікті алу кезінде кемшіліктер табылды, оның қорытындысы бойынша «Л» ЖШС-де дефект актісі жасалды, бұл туралы қабылдау-тапсыру актісінде жазылған. Кейіннен кемшіліктер жойылды, бұл шот-фактурамен расталады.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл

10/08/2017

Екібастұз қалалық сотында азамат Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 296-б.2-б. бойынша қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Б. 2017 жылғы 5 маусымда Б. Екібастұз қаласында орналасқан  «Верона» кафесінің жаңында Екібастұз қаласының ІІД полициясының қызметкерлерімен ұсталған, жеке тексеріс барысында оның шалбарының қалтасынан  0,72 грамм салмағымен кептірілген марихуанна-есірткі заты табылған.

Сот отырысы барысында сотталушы Б. тағылған айыпты мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Шығару туралы талап арыз медиация тәртібінде шешілді

10/08/2017

Ертіс аудандық сотымен  С.-ның К-ға дүкен ғимаратынан күштеп шығару туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Істі қарау барысында тараптар келесі жағдай келісіміне келген, жауапкер өз еркімен дүкеннен шығуына байланысты талапкер жауапкерге қатысты талап арызынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен  іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Жұбайлардың ортақ мүлігін бөлу медиация тәртібінде реттелді

10/08/2017

Ертіс аудандық сотымен бірге жинаған мүлікті бөлу туралы  азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар келесі жағдайлар бойынша келісімге келді,  талапкердің меншігіне  үй мен көлік, ал жауапкердің меншігіне «Жилстройсбербанк» АҚ-да ерлі-зайыптылардың шотындағы барлық ақша қаражаты қалады.

Сонымен қатар, жауапкер талапкерге 150 000 тенге сомасындағы бір ірі қара мал құнынын төлеуге міндеттенді.