Архив событий

16/08/2017

Кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

16/08/2017

Успен аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық құқық қорғау органның қызметкері,  Успен аудандық Прокуроры, БҚО «ЖасТалап» жетекшісі, сот кызметшісі қатысты.

Шараның мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен таныстыру болды.

Қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

16/08/2017

Май аудандық сотында талапкер азаматша А-ның жауапкер М-дан  қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында анықталғандай, 2016 жылғы қарашасында жауапкер М. талапкер А-ның жеке дүкенінен 32 493 теңге құрайтын азық-түлік алып оны қараша айының сонына дейін жабуға міндетенеді. Алайда 2016 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін қарыз ақысы уақытылы төленбегендігіне байланысты 32 493 теңге көлемінде қарыз жиналған.