Архив событий

12/09/2017

Май аудандық сотында Медиация туралы Заңын және пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізілді

12/09/2017

Май аудандық сотының БАҚ-пен байланыс қызметін үйлестіруші сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова аудандық жергілік «Шамшырақ» редакциясының тілшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылуы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Аңшылық мылтықты заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

12/09/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен О.-ға қатысты (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау ) әкімшілік ісі қаралды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау» тақырыбында семинар сабағы өтті

12/09/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру» тақырыбында семинар сабағы  ұйымдастырылды.

Аталған шараға сот төрағасы Н.Е.Есенжолов, судья К.К.Каримов және Павлодар облысың төтенше жағдайлар департментінің бөлімінің бастығы К.З.Шаймарденов,  әскери бөлімінің басқармасының бас офицеры Ж.Ж.Тусупов қатысты.

Сот тұрғын жайдан шығару туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

12/09/2017

Екібастұз қалалық сотымен қала Әкімінің Г. азаматты тұрғын-жайдан басқа баспана берусіз шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық қаралды. Талапкер өз талап арызына уәж ретінде жауапкер коммуналдық меншік құқығына қабылданған пәтерге құқықтану құжаттарынсыз тұрып жатқанын, ттұрғын үйге мұқтаждардың кезегіңде тұрмайтыны, бұрында мемлекеттік қордан пәтеғр алмағанын келтірді. Жауапкерге өз еркімен  пәтерден шығу туралы ескерту жіберілген, бірақ ол  сол пәтерде тұрып жатыр деп көрсеткен. 

Баянауыл аудандық сотында «Қылмыстық және әкімшілік істерді қарауға сотқа рәсімдеу және тапсыру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

12/09/2017

Өткізілген іс-шараға судьялар, Баянауыл ауданының прокуратура қызметкерлері, Баянауыл аудандық ІІБ қызметкерлері  қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Х.Даньярова қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады. Істерді және материалдарды рәсімдеп  сотқа тапсыру мерзімдері аталып өтті. Павлодар облысының ІІД және Баянауыл аудандық ІІБ атына шығарылған жеке қаулылар талқыланды. Сот төрағасының м.а. С.Х.Даньярова Баянауыл аудандық ІІБ қызметкерлерінің кемшіліктерін атап өтті.

Баянауыл аудандық сотымен «Халықаралық конвенциялардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану туралы » семинар өткізілді

12/09/2017

Семинарға сот төрағасының міндетін атқарушы С.Х.Даньярова, судья Б.К.Даутов, кеңсенің меңгерушісі А.М.Омарова қатысты.

Баянауыл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы С.Х.Даньярова Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқықтың құрамдық бөлігі болып табылатын халықаралық келісімшарттардың нормаларын құқық қолдану тәжірибесінде қолдану маңызды екенін атап өтті.