Архив событий

13/09/2017

«Заңнама» жүйесін жүзеге асыру

13/09/2017

Павлодар облысының қылымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Заңнамажүйесін жүзеге асыру» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған отырыста судьялар және мамандар қатысты.

Сот төрағасы Нуркиев А.Г. ақпараттық технологияларды еңгізу сот шешімі кезінде көп мөлшерде сот қорғауын жеңілдетеді, құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін сот тәжірбиесінің біріңғай қозғалуына септік етеді.

«Арыз өтініштерді қайтару» атты тақырыбында экономикалық сотта семинар өткізілді

13/09/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының қатысуымен «Арыз өтініштерді қайтару» тақырыбына үйретуші семинары өтті.

Сот судьяларының алдында өз баяндамасымен А.Сләм азаматтық істерді қарастыру барысында АІЖК-нің 152 бабы бойынша арыз өтініштерді қайтарудың басты нысандарын атап өтті. 

Сонымен қатар, баяндамашы қайтарылған арызды, арыз беруші жіберілген қателіктерді түзеп, қайтадан арыз беру мүмкіндігі бар екенін де айтты.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы талап арыздарды және басқа өтініштерді жолдау бойынша дөнгелек үстел

13/09/2017

Ертіс аудандық сотының кеңсе менгеруші Т.Мағауовпен «Бейбітшілік» ҚҚ үкіметтік емес өкілдерінің А.Д. Идрисов қатысуымен және аудандық әкімшілігінін, аудандық ІІБ-нің өкілдерінін, адвокат, сот атқарушушы қатысуымен  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сот органдарына талап арыздарды және басқа өтініштерді жолдау бойынша  дөнглек үстел өткізілді.

Медиация ретінде татуласуы

13/09/2017

Лебяжі аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 73 б. 1 б. бойынша  құқық бұзушылық жасағаны үшін  Ч., азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды,.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылдың 2-ші қыркүйекте сағат 23.00 минутта Лебяжі ауданының Жамбыл ауылында, Ч. жанжал көтеріп,  бірге тұрушы  Ч-ға, былапат сөйледі, сонымен отбасылық-тұрмыстық зомбылық саласында құқық бұзушылық жасады.

Сот талқылау кезінде құқықбұзушыдан және жәбірленушіден жақтардың медиация ретінде татуласуы туралы өтініш түсті.

Сотты құрметтемеушілік үшін жауапқа тартылды

13/09/2017

Лебяжі аудандық сотымен қылмыстық істің шеңберінде сотталушы ҚР ӘҚБтК 653 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылдың 11 қыркүйегінде аталған азамат қылмыстық іс бойынша сотталушы болып, 2017 жылдың 11 қыркүйегіндегі 10:30 сағатында өткізілген сот отырысына себепсіз қатысқан жоқ, бірақ тиісті түрде сот отырысының өткізілетіні туралы хабарланды.

Лебяжі аудандық сотының судьясымен үш тәулік мерзіміне әкімшілік жауапқа тартылуы туралы қаулы шағарылды.

Қаулы заң күшіне еңген жоқ.