Архив событий

15/09/2017

Жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

15/09/2017

Шарбақты аудандық сотымен тиісті рұқсатсыз алкогольді сақтаумен және сатумен айналысқан Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Салық органдарының тексерісі кезінде мейрамханада рұқсатсыз 5 бөтелке алкогольды өнім анықталған.

Сот отырысында мейрамхана иесі алкогольді өнімді сатуға рұқсат алмағанын түсіндірді.

Сот, құқықбұзушыны ӘҚБК 463 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, алколгольды өнімді тәркілеумен 56725 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ертіс аудандық соты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодесі» тақырыбына семинарлық оқыту өткізді

15/09/2017

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Т. Магауов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодесі» тақырыбына семинарлық оқыту өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Т.Т. Магауов өз баяндамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын белгіледі.

«Атқарушылық құжаттарды қозғаудан бас тарту және орындаусыз қайтару себебі» тақырыбында семинар сабағы

15/09/2017

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.Ертаевтың бастамасымен «Атқарушылық құжаттарды қозғаудан бас тарту және орындаусыз қайтару себебі»  тақырыбында кеңсе меңгерушісі Г.Аубакированың және сот қызметкерлердің   қатысуымен семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында осы уақыт аралығында борышкердің мүлігін меншіктен шығару мүмкіндігін өз кезегінде, сот актісінің орындалуын әуре-сарсаңға салатын, атқарушылық іс жүргізу құжаттарының, мемлекеттемлекеттк және жеке сот орындаушылармен қозғаудан бас тарту және қайтарылу сұрақтары аталды.

Екі ЖШС-тер арасындағы дау бітімгершілік келісім жасалды

15/09/2017

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен ЖШС «им. Абая» -дың ЖШС «Красиловское»-ға берешекті өндіріп алу туралы талап қою ісі қарастырылды.

Сот талқылауы кезінде жақтардан соттың қатысуымен бітімгершілік келісім бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Келісім талаптары бойынша келісілген мерзімде жауапкер талапкерге 17 500 000 теңге сомманы төлейді және талапкер талаптардан бас тартады.

«Үкім толтыру» тақарыбында семинар

15/09/2017

Павлодар облысының қылымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Үкім толтыру» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл жұмыста төраға, судьялар және сот мамандары қатысты.