Архив событий

21/09/2017

«Қылмыстық процесстың реформасы» семинары

21/09/2017

Павлодар облысының қылымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық процесстың реформасы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Баяндамасымен сот төрағасы А. Нуркиев ұлттық жоспарын іске асыру тәжірибесінде түбегейлі қадамдар жасалынды, қазіргі таңда республикамызда құқықтық мемелкетті нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Бұл сот төрелігін үш деңгейлі жүйеге ауысуын, судьялардың және оған кандидаттардың талаптарын жоғарлауын, алқа билердің институтын ұлғайтады.

Май ауданы Көктөбе ауылында ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабтары бойынша әкімшілік істер қараудың практикасын талқылап өтті

21/09/2017

Май аудандық соты аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында прокуратура, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметтері өкілдерінің қатысуымен «Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту» атты өзекті тақырыпқа «кездесу» өтті.

МКҚБ-ның взвод командирімен жедел отырыс

21/09/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Сот ғимаратында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді күшейту туралы жедел отырыс өткізілді.

Осы отырыс сот қызметкерлерімен, Павлодар облысының МКҚБ-ның взвод командирі М.Мейрамовтың қатысуымен өткізілді.

«Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында семинар өтті

21/09/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында семинар өтті.

Судья Д.Нұрсұлтанова семинарды сот қызметкерлеріне өткізді. 

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/09/2017

Качир аудандық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (ұрлық, қоймаға заңсыз кіріп,бөтен мүлікті жасырын ұрлау) бойынша айыпталушы азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. 2017 жылғы 20 маусым күні түнгі сағат 02.00-дер шамасында «Семенов» ШҚ-ның территориясында қоймаға заңсыз кіріп, қоймадан 13 қап бидайды жасырын ұрлап кеткен. Осы қылығымен жәбірленушіге 39 000 (отыз тоғыз мың) теңге шығын келтірген.