Архив событий

06/10/2017

Павлодар облыстық сотында 2017 жылғы 9 айға соттар жұмысы сапасының қорытындыларын талқылау бойынша кеңейтілген жалпы отырыс өтті

06/10/2017

Оның жұмысына Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аумақтың соттар төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қатысты.

Отырысты аша келе, облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов соттар жұмысының негізгі көрсеткіштерін айтып өтті. 2016 жылғы талдау кезеңімен салыстырғанда 2017 жылғы 9 айға азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру сапасының жақсарғанын атап өтті.