Архив событий

18/10/2017

Кішкентай қызын асырауға алимент төлеуден жалтарғаны үшін, әкенің ата-ана құқығы шектелді

18/10/2017

2015 жылы туылған кәмелетке толмаған Аружанның анасы сотқа әкенің ата-құқығын шектеу туралы талаппен жүгінді. Баланың әкесі материалдық қамтамасыз етуден жалтарғаны, төленбеген алименттер бойынша  967 000 тенге көлемінде қарыздың болуы, кішкентай қызын тәрбиелеуден және білім беруден жалтарғаны оның сотқа жүгінуіне негіз болған. Баланың әкесі сотқа келмеді. Сот ұйғарымымен оған іздеу жарияланды.

«Павлодар облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-нің екі тәрбиеленушінің анасының ата-ана құқығы қалпына келтірілді

18/10/2017

2015 жылы туылған Ольганың және 2016 жылы туылған Алексейдің анасы ата-ана құқығынан шектелгеннен кейін, ата-ана құқығын шектеу салдарының күшін жою туралы арыз берді. Ата-ана құқығынан шектелген уақыт аралығында ол пәтерінде жөндеу жұмыстарын жасаған, жұмысқа тұрған, алкольді сусындар ішуін қойған, жұмыс орны мен тұрғылықты орны бойынша жағымды мінезделеді, Балалар үйіндегі кішкентай балаларына әрдайым барып тұрған.