Мантия - Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киім нысаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мантияның жаңа үлгісі Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық Кеңесінің қаулысымен мақұлданды және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы жалпы отырысында бекітілді.

Мантия дегеніміз - белгіленген үлгідегі қара түсті, үсті күңгірт тығыз өрімделген жоғары сапалы матадан тігілген Қазақстан Республикасының судьяларна арналган арнаулы киім нысаны.
Дүниежүзілік практиканы назарға ала отырып, мантияның түсі ретінде қара түс таңдалды, өйткені, қара түс қана бейтараптылықты білдіреді, сот билігінің мәртебесі мен беделін көрсетеді.

Мантия трапеция пішінді, желбегей нысанды. Мантия түймелену тәсілімен ерекшеленетін ерлерге және әйелдерге арналған нұсқаларда берілген. Ерлерге арналған мантия - солдан оңға қарай, ал әйелдерге арналған мантия - оңнан солға қарай түймеленеді.

Биіктігі 4,5 см болатын тік-жағалы, жағасының жиегінен 0,2 см жалпақтығы 4,0 см болатын көгілдір түсті мата жолағы тігілген, олардың жиектері бойынша Қазақстан Республикасы туының оюы сары түспен безендірілген (жібек жіптің жалтылын беретін жіппен тігілген).

Жағасының көгілдір түсі Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі ретінде таңдалған. Осы түс өмірдің және жаңарудың нышаны болып табылады, ашық аспанды білдіреді.
Мантияның түймелері қара күміспен қапталып, металл сипаты берілген пластмассадан жасалған, онда Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Түймелерінің диаметрі 22,0 мм.
Күлгін ақ түсті мойын орамал жұмырланған гофрирланған матадан әзірленген.

Қазақстан Республикасы судьяларына арналған мантияның бекітілген үлгісі бірегей болып табылады.