Медиация Заңынын қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Лебяжі аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Медиация туралы» Заңының талаптарының орындалу жағдайы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Лебяжі аудандық сотының төрағасы К.Т.Султанов, Лебяжі ауданының прокуроры Ж.О.Джусупов, Лебяжі АІІБ-нің басшысы Е.К.Баитов, тергеу бөлімінің басшысы Н.А.Бегалиев, аудандық әкімшілігінің заңгері А.Альтаева, қорғаушы А.С.Арынова, Лебяжі ауданының кәсіпқой емес медиаторлары С.С.Бектауова, С.Ж.Жетыбаев, Ж.Ш.Оспанова, Д.С.Акатаев және БАҚ өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны қолданудың тәртібі мен ерекшеліктері талқыланып, аудандық соттың төрағасы К.Т.Султанов, Лебяжі ауданының прокуроры Ж.О.Джусупов, Лебяжі АІІБ-нің полиция бастығы Е.К.Байтов, өз ойларын ортаға салды. Кәсіпқой емес медиаторлардың қылмыстық істер мен азаматтық қатынастардан туындайтын дауларға медиацияны қолдану кезінде туындаған сұрақтарына аудандық сот тарапынан толыққанды жауап берілді. Кәсіпқой емес медиаторлар семинар барысында, Медиация Заңнын қолдану барысы жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелді қорытындылаған сот төрағасы К.Т.Султанов мәжілісте талқыланған мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс атқаруды және оны жандандыра түсуді ұсынды.

Тэгтар: