Сот медиациясы пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Азаматтық  сот істерін жүргізуінде судьяның қатысумен бітімгерлік рәсімдерін (сот медиациясы) еңгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы ақпарат

Павлодар облысында «Сот медиациясы» пилоттық проект Павлодар қалалық сотында және Павлодар облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасында жүзеге асырылады.

Соттарда медиация тәртібімен өтетін бітімгерлік рәсімдерді өткізу үшін жиһазбен және ақпараттық стендтерімен қамтылған бөлме бөлінген.

Бітімгерлік рәсімдерді өткізетін судьялардың жұмысы ұйымдастырылған. Пилоттық жобада қатысатын  сот төрағаның өкімімен, бітімгерлік рәсімдерді өткізетін судьялар тізімі бекітілген.

Павлодар облыстық сотында Гаипова Гүлсара Сейітқалиқызы бітімгерлік рәсімдер бойынша үйлестірушісі.

Пилоттық жобаға қатысатын сотына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және БҰҰДБ бірлескен жобаның  шеңберінде әзірленген  оқу және қолдану үшін «Судьяларға медиация мәселелері» атты курс жолданады.

2014 жылдың 25 сәуірінде Павлодар облыстық сотында «Азаматтық  сот істерін жүргізуінде медиация тәртібінде бітімгерлік рәсімдерін қолдану»» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Павлодар облыстық сотының төрағасы А. Қаженов, Павлодар облыстық сотының сот алқаларының төрағалары, облыстық сотының судьялары, азаматтық істерді қарастыратын қалалық соттардың судьялары мен төрағалары, облыстық прокуратураның, облыстық адвокаттар алқаның, Павлодар қаласының Әкімшілігінің  өкілдері мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Бұқаралық ақпараттар құралдарына келесі мақалалар жолданған:

1)    Ақсу қалалық сотының судьясы К.Н. Қалтеновтың «Медиация» атты мақаласы аумақтық «Новый путь» газетіне;

2) Екібастұз қалалық сотының кеңсе меңгерушісі З.У.Барлыбаеваның «Медиация и ее роль в гражданском процессе» («Медиацияны қолдану ерекшелегі мен тиімділігі») мемлекеттік және орыс тіліндегі мақаласы аумақтық «Голос Экибастуза» және «Отартқа» газеттеріне;

3)  2014 жылдың 25 сәуірінде «Азаматтық  сот істерін жүргізуінде медиация тәртібінде бітімгерлік рәсімдерін қолдану»» атты өткен дөңгелек үстел туралы ақпарат (Павлодар облыстық сотының сайтына).

2014 жылдың 30 сәуірінде Павлодар қалалық сотында соттың 2014 жылдың 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы және бітімгерлік рәсімдерін  еңгізу жөніндегі пилоттық жоба туралы БАҚ-на брифинг өткізілді.

Осы жылдың 15 мамырда бітімгерлік рәсімдер бойынша үйлестірушісі мен Павлодар облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С. Күзеков Павлодар қалалық сотының судьяларымен «Соттағы бітімгерлік рәсімдер» атты семинар-тренинг өткізді.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 2 жартыжылдығында бітімгерлік рәсімдерді қолдану бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша семинарлық оқытулар жоспарланған.

Павлодар облыстық сотының Оқу орталығы