Тарих

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сот жүйесінің тарихы 1917 жылы учаскелік халық соты мәртебесінен басталды. Ол Азаматтық, Ұлы Отан соғысының қиын жылдарын, халық шаруашылығын көтеру, тоқырау және қайта құру салдарына төзді. ПавлодарЖылдар өтіп, реформалар кезектесіп жатқан кезең, сонымен бірге біртіндеп тәжірибе жинақталып, кадрлар үйреніп жатты. 1938 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы құрылды, бұған дейін ол Шығыс-Қазақстан облысы құрымына кірген болатын. Облыс құрылғанымен Павлодар облысының соты да құрылды. Құрылған сәтте сот құрылымы келесідей болатын: қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, кеңсе мен бухгалтерия. Сот төрелігін жергілікті халық соттары асырды. Облыстық соттың алғашқы төрағасы Т.Д Бондаренко болды, ұжымдастырудың қиын жылдарында сотты басқаруға тура келді.  
  Ұлы Отан соғыс жылдары, облысқа Кеңес Одағының басқа аймақтарының зауыттары негізінде өндірістік кәсіпорындар құрылса, соттарға мемлекет меншігін талан-таражға салмау міндеті жүктелді, облыстық сотты П.Д. Прокопенко басқарды. Ол соғыстан кейінгі шаруашылықты көтеру жылдары да басқарды. Соғыстан кейінгі және «хрущев» жылдары облыстық сотты И.И. Кострюков, М.Ф. Орлов, И.Т. Тілегенов, А.Н.Нұрпейісов басқарды.

 

1968 жылы Павлодар облыстық сотын атақты заңгер - Қыдыргелді Мейрамовтың еңбегін жеке атаған дұрыс. Ол тек қана жоғарғы кәсіби судьяларды тәрбиелеп шығарған жоқ, сонымен қатар олардың жұмыс жағдайын жақсарту үшін бар күшін салған. 
  Т.Қ. Айтмухамбетов 1966-1972 жылдары облыстық сотын судьясы болып қызмет еткен, кейін 1984-1993 жылдары Қазақстан Республика Жоғарғы Соты төрағасы болды. 
 Біздің облыста ғана емес, есімі республика да беделді – Очир Данилович Тен 1957-1987 жылдары Павлодар облыстық соты төрағасының орынбасары. 
  Облыстың сот жүйесін әр жылдары З.М. Тулубаев (1981-1987 ж.ж), Б.Т. Тохметов (1995-1996 ж.ж), Т.С. Айсин (1996-2001 ж.ж) Н.Н. Момбеков (2001-2006 ж.ж), Е.Қ. Серікбаев (2006-2011 ж.ж), Ә.Б.Қаженов (2011-2015 ж.ж) басқарды.
  Әр кезеңде үздік судьялар деп танылған Павлодар облыстық сотының судьялары: азаматтық істер жөніндегі алқа төрайымы В.Н Каракулова., Е.Б. Айтбаева., Р.К. Сүлейменов, Н.И. Ткаченко, Павлодар қаласы №2 cотының судьясы Л.М. Клименко. 
Әр мекеменің өзіндік тарихы, өмірбаяны бар. Оны ішінде қызмет ететін адамдар құрайды. 70 жыл ішінде елімізде көптеген оқиғалар болды, көп істер тындырылды. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында мамандандырылған әкімшілік соттары құралды, олар әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты істерді қарастырады. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының міндетіне заңды және жеке тұлғалар арасындағы талаптар бйынша азаматтық істерді қарастыру енеді, алқа билер соты енгізілді.
  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі сот жүйесі қызметінде жаңа парақты ашты, оны түрлі уақытта біздің қызметкерлер толықтырды. Өкінішке орай, кейбірі қазір біздің қатарымызда жоқ, бірақ олардың кәсіпқойлығы, үлкен бедел-абыройы бүгінгі күні сот жүйесінің әрі қарай жетілуіне үлес қосады.