Жаңалықтар

Дөңгелек үстел

28/03/2024

Павлодар облыстық сотында «Жер дауларын шешуде ӘРПК қолданудың өзекті мәселелері», «Жер дауларын шешуде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.А. Рысбеков өткізді.

Адам өлтіру фактісі бойынша іс қаралды

27/03/2024

2024 жылғы 27 наурызда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру фактісі бойынша Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. (ҚК 99-бабының 1-бөлігі).

Сот нені анықтады

2023 жылғы 5 тамызда сағат 01.00 шамасында масаң күйдегі Қ. Павлодар қаласындағы «SMART» бизнес орталығының автотұрағында болып, Р.-мен жанжалдасып, төбелесіп, соңғысына денесінің әр түрлі бөлігіне бірнеше рет соққы жасап, сосын оны тұншықтырған.

Мойынының қысылуына байланысты механикалық асфиксиядан Р. сол жерде қайтыс болды.

Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкім шығарылды

27/03/2024

2024 жылғы 26 наурызда Ақсу қалалық соты «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы О.-ға қатысты пара алу және қызметтік жалғандық жасау фактісі бойынша (ҚК 366-б. 2-б., 369-б. 1-б.) қылмыстық істі қарады.

Сот нені анықтады

2024 жылдың ақпан айында «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы О. азамат Ш.-дан ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға рұқсат беретін тракторшы куәлігін заңсыз дайындау үшін 100 000 теңге алды.

Сот не үшін және қандай жаза тағайындады?

Орындалған жұмыстарды қабылдау туралы акті жасау қажеттігі туралы

15/03/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша А.-ның «Д» ЖК-нен шығынды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/34).

Іс бойынша, жауапкер талап қоюшыға көлік құралының қозғалтқышын жөндеу бойынша қызмет көрсететіндігі туралы тараптардың ауызша келісімге келгені анықталды.

Тараптар көлік құралын және орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер жасалмаған.

Адам өлтiру фактісі бойынша іс апелляциялық сатыда қаралды

15/03/2024

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған адамның апелляциялық шағымы бойынша түскен адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарады (ҚК 99-б. 1-б.).

Сот алқасы 2022 жылдың 31 қазанында С. Павлодар облысы Тереңкөл ауылындағы үйінде азаматтық әйелі О.-ның 36 000 теңге ақшаны жұмсағаны үшін жанжалдасып, жұдырығымен О.-ның сол жақ кеуде аймағына және денесінің барлық бөліктеріне бірнеше рет соққы бергені анықталды. О. алған жарақаттарынан қылмыс орнында қайтыс болды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту саласындағы актілерге шағымдануға қатысты мәселелер талқыланды

14/03/2024

Павлодар облысы бойынша  МАӘС «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ-нің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне дау туғызатын әкімшілік істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Павлодар қаласы өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Павлодар облысының заң консультанттары қатысты.

Сот материалдық залалды өндіру туралы талап қоюды қанағаттандырды

07/03/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы қанағаттандырылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша «К» ЖШС-нің С.-дан материалдық залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/7).

Іс бойынша, ГАЗ-3110 маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші С., Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесінің бойындағы тұрақ орнында, қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, басқаруды жоғалтып, тұрақта тұрған «К» ЖШС-не тиесілі «Лада 21901» көлігімен соқтығысқаны анықталды.

«Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, соның ішінде сот процесіне қатысушы тұлғалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттары»

06/03/2024

Павлодар облыстық сотында «Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, соның ішінде сот процесіне қатысушы тұлғалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттары» тақырыбында семинар өтті.

Бұзақылық жасағаны үшін сотталды

06/03/2024

2024 жылғы 6 наурызда Павлодар қаласының № 2 соты ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы - кадр саясаты бөлімінің бастығына қатысты газды қаруды қолдану арқылы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 293-бабының 3-бөлігі).

Сотпен анықталды

Беттер