Жаңалықтар

Медицина қызметкерлеріне құрметтемеушілік таныту туралы іс

19/04/2024

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі медицина қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде құрметтемеушілік таныту бойынша А.-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотпен анықталды

Сотпен 2024 жылғы 4 сәуірде сағат 22.00-23.00 шамасында А., Ақсу қаласындағы тұрғылықты жерінде болып, жедел жәрдем бригадасымен жанжалдасып, жедел жәрдемнің фельдшеріне былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау

19/04/2024

Успен аудандық сотымен еңбек өтілінің заңдық фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта арыз беруші К. 1982 жылдың 6 ақпанынан 1985 жылдың 15 ақпанына дейін Павлодар облысы Успен ауданы Панфилов атындағы колхозда жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды.

Апелляция сатысындағы медиация

19/04/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша, С. ЖШС-нің «Л» ЖК-не  тауарларды жеткізу шарты бойынша алдын-ала төлемді, жұмсалған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/156).

Іс бойынша, 2023 жылдың наурыз айында тараптар арасында 10 000 000 ресей рублі сомасына тауарды жеткізуге (ұзақ мерзімді) шарт жасалғаны анықталды.

Пресс-служба СМАС Павлодарской области

12/04/2024

Павлодар қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған Т.-ны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қалпына келтіру туралы талап қоюмео сотқа жүгінді.

Істің мән-жайлары:

1) кәмелетке толмаған Т.-ның анасы ата-ана құқығынан айырылған, әкесі қайтыс болған;

2) талапкер (әкесі жағынан әже) кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы;

3) кәмелетке толмаған Т.-ның, анасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандықтан тұрғын үй кезегінен шығарылды.

Уәкілетті органдар соттың сұрауына жауап ретінде келесі ақпаратты ұсынды:

Сот алқасымен шартты біржақты бұзу заңсыз деп танылды

12/04/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша Б «ЖШС»-нің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрi – Инспекция) шартты біржақты бұзуды заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/60).

Ақбөкеннің мүйіздері туралы іс

11/04/2024

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты А.-ға қатысты аса ірі залал келтірумен жасалған дериваттарды, оның ішінде мүйіздерді заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 339-б. 3-б. 2-т.).

Сотпен не анықталды

2023 жылдың 23 қыркүйегінде А., ақбөкен тұқымдасы – Saiga tatarica тұқымдасының 782 мүйізін заңсыз жолмен 2 миллиард теңгеден астам сомаға сатып алған. Содан кейін оларды Павлодар облысының Ақсу қаласына заңсыз жеткізіп, гаражда сақтаған, кейін мүйіздерді полиция қызметкерлері тәркілеген.

Үйден шығару туралы талап қою

10/04/2024

 

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ж.-ның Д.-ға үйден шығару туралы талап қою және Д.-ның Ж.-ға қатысты жылжымайтын мүлікті ерлі-зайыптылардың тең үлестегі ортақ мүлкі деп тану туралы қарсы талап қою бойынша істі қарады.

Іс бойынша тараптардың 2002 жылдан бері тіркелген некеде болғаны анықталды. Сот шешімімен неке 2023 жылдың мамыр айынан бастап бұзылды. Қазіргі уақытта Д. тұратын пәтерді, Ж. 2016 жылдың қаңтар айында сыйға алу тәртібімен алған.

ХАБАРЛАМА

08/04/2024
Құрметті азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері!
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жаңа мекенжайға Павлодар қ., Генерал Дүйсенов к-сі, 104 көшкені туралы хабарлаймыз.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

08/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімімен Екібастұз,  Ақсу қалалық соттарында және Павлодар облысы № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бірқатар көшпелі семинарлар мен кеңестер өткізді.

Семинар-кеңестер «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» және «Қазақстан Республикасы сот  органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету мен тиісті қорғау жөніндегі қағидалар» тақырыптары бойынша өткізілді.

«Істерді мемлекеттік тілде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел

05/04/2024

 

Ертіс ауданында «Істерді мемлекеттік тілде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны Павлодар қалалық сотының судьясы А.Е. Асанова ұйымдастырды. Оған, Ертіс аудандық соты төрағасының м.а. Ж.С.Жұматаева, аудан прокуроры Д.Б.Файзулин, ауыл әкімі Д.Т.Алкенов, Ертіс ауданы пробация қызметінің бастығы Г.С.Бейсембаев, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Ертіс аудандық филиалының директоры Т.А. Қасымов, аудан әкімі аппаратының, полиция басқарамасының, мемлекеттік мекемелер мен органдардың өкілдері, адвокат  Т.Т. Джангульдинов қатысты.

Беттер