2007 жылдан бастап тіркеусіз Қазақстан Республикасында болған Қырғызстан Республикасының азаматшасы сотпен қамаққа аланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотымен көші-қон облысында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактісі бойынша Қырғызстан Республикасы азаматшасы Т. –ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 517 бабының екінші бөлігі).

Ертіс ауданы ІІБ көші-қон полициясы қызметкерлерімен «Жасырын көшіп келуші» ЖПІ барысында Қырғызстан Республикасы азаматшасы Т. Қазақстан Республикасы аумағында ішкі істер органдарында тіркеусіз және аудан аумағында 2007 жылдан бастап болумен білдірілген көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды.

Бұл факт бойынша Т. қатысты ӘҚБтК 517-бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК 517-бабының екінші бөлігі бойынша 3 тәулік мерзіміне қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соған байланысты, сотпен функционалды міндеттерді тиісті орындамау және көші-қон полициясы тобымен көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша іс-шараларды өткізбеу бойынша Ертіс ауданының ІІБ-нің бастығының атына жеке қаулы шығарылды. 

 

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі