2013 жылдың 12 айы бойынша қорытынды жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында, сот төрайымының, бұқаралы ақпарат құралдарының қатысуымен, баспасөз-конференция өтті. Төрайым БАҚ өкілдеріне соттық 2013 жылдың 12 айы бойынша жұмыс қортындысы туралы айтып өтті.

2013 жылы 12 айда 19 қылмыстық іс, оның ішінде: үкім шығарумен 9 тұлғаға қатысты 9 іс, өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарумен – 11 тұлғаға қатысты 10 іс қаралды.

Қаралған істер бойынша қылмыс санатымен үкім шығарумен: 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс – ауыр, 14 тұлғаға қатысты 13 қылмыстық іс – орташа ауырлыққа жатады.

2013 жылы 12 айда қылмыстық істер бойынша үкімдерге апелляциялық тәртіпте шағым түсті. Қаралған нәтижесі бойынша екі үкім де өзгертілді.

2013 жылы 12 айда 203 азаматтық іс қаралды, шешім шығарумен – 116, сот бұйрығымен – 53, ұйғарым шығарумен – 5, сырттай өндіріс ретінде – 11.

2012 жылдың сы мерзімінде 131 азаматтық іс қаралды: шешім шығарумен – 84, бұйрықпен – 22, ұйғарым шығарумен – 3, ал сырттай өндіріс ретінде – 4.

Әрі қарай сот төрағасы БАҚ өкілдеріне қаралған әкімшілік істер жайында айтып өті. Сонымен, 2013 жылдың 12 айында барлығы 218 әкімшілік іс қаралды. Жалпы сотпен 70 - айыппұл, 59 – қамауға алу, 46 - жүргізуші куәлігінен айыру түрінде жаза тағайындалды.

2012 жылы осы мерзімінде 154 әкімшілік іс қаралған: айыппұлмен – 49, қамауға алу – 33 және жүргізуші куәлігінен айырумен – 53.

Өткен жылмен салыстырғанда қаралған істер санының көбейуі байқалады.

Сот төрайымы әкімшілік істердің көбі көлік құралдарын мас күйінде жүргізгендерімен байланысты екенін ерекше белгіледі. Мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші қоғамға аса жоғарғы қауіп төндіреді. Жол көлік оқиғаларының көбі, мас күінде көлік жүргізген адамдардың кесірінен болған.

Сонымен қатар, сот төрайымы қоғамдық жерлерді ластау және де айналасын құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар түсуі жалғасуда екенін айтты.

ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабына сәйкес, ұқсас әрекеттер ұсақ бұзақылық болып сараланады.

Айтарлықтай, әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот, қоғамдық тәртіпке қастық ойлап жасалған құқықбұзушылықтың мінез-құлқын, кінәлінің жеке басын және оның мүліктік жағдайын ескереді.

Еске сала кетерліктей, ұсақ бұзақылық, нақтырақ - қоғамдық жерде балағат сөздер, жеке тұлғаларға тіл тигізу, тұрғылықты жерлерді қорлау, қоғамдық жерлерді ластау, сонымен қатар белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды лақтыру және басқа да қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналадағыларды құрметтемеушілік тудыратын ұқсас іс-әрекеттер, үш айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұлға немесе он тәулікке дейін қамауға алуға әкеліп соғады.

Ал әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жылдың ішінде құқықбұзушылықты қайталап жасаған жағдайда – он бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі