2014 жылдың 1 тоқсанында Ақсу қалалық соты жұмысының қорытындысы жөнінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы сәуірдің 3 күні Ақсу қалалық сот ғимаратында сот төрайымының, Ақсу қаласының БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді, осында 2014 жылдың 1 тоқсанында әділ соттың атқару бойынша сот жұмысы туралы мәліметті қатысушылардың назарына ұсынды.

Азаматтық және қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. Ұқсас кезеңмен салыстырғанда қылмыстық істің түсімі азайды. Қылмыстық заңнаманың ізгілендіруіне байланысты қылмыстық заңға еңгізілген өзгертулер мен қосымшалар азаюдың себебі болды. Апелляциялық тәртіппен үкімдерге шағым берілді, басым бөлігі өзгеріссіз қалды.

Сонымен бірге, қатысушылардың назарына ҚІІБ мен ҚАИ бағыты бойынша қарастырылған материалдардың мәліметі, тұтқынға алуды санкциялау бойынша мәлімет, қылмыстық істі қарастыруда жазалау тәжірибесі бойынша мәлімет, әділ соттың сапалы атқару бойынша мәлімет қатысушылардың назарына ұсынылды. Қылмыстық істер бойынша әділ соттың атқару барысында азаматтарды заңсыз айыптау факті сотпен рұқсат етілмеді. Қылмыстық істерді қарастыруда ҚР ҚІЖК-мен орнатылған мерзім бұзылуына жол берілмеді.

Қатысушылардың назарына сонымен бірге тұтқынға алуды санкциялау бойынша материалдар, МЕТЖ материалдары, ҚАИ материалдары аяқталған қылмыстық есебімен айына бір төрешіге 8.2 орнатылған көрсеткіштің орнына 13.2 қылмыстық іс қарастырылды.

Қатысушылардың назарына сонымен бірге азаматтық істер бойынша мәлімет ұсынылды. 2014 жылдың 1 кварталына барлығы 1158 іс аяқталды. Апелляциялық тәртіпте шағымдалған шешімдер көбісі өзгеріссіз қалды. Ұқсас мерзіммен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде азаматтық істердің сотқа келіп түсуі ұлғайды. (2013ж.1 тоқсанында -863 +295 ұлғайды). Азаматтық істерді қарастыруда ҚР АІЖК-мен белгіленген мерзімдер бұзылған жоқ.

Қарастырылған істердің есебімен 1 судьяға орташа айлық жүктеме айына орнатылған көрсеткіштің орнына 28.2 іс, судьямен қаралған азаматтық істердің саны 77.2 істі құрады.

Сонымен қатар, қатысушылардың назарына «ҚР БААТЖ» сот жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат хабарланды.

Ақсу қалалық сотының
баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі