Ақтоғай аудандық сотымен гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында «Наурыз мейрамы» күніне орай гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға аудандық прокуратура, Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокаты, «Ақтоғай ауданының әділет басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудандық соттың төрағайымы С.Хисматуллина қатысушыларға біздің мемлекетімізде демократиялық іс жүргізудің маңыздылықтарының бірі ұлттық гендерлік саясат болып келетінін айтып өтті. Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.
«Дөңгелек үстел» сонында соттың төрайымы қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі