Алғыс сөз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасы Қ. Мәми, Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б.Қаженовтың аттарына Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғындары Устина Любовь Александровна, Фадина Ольга Николаевнаның алғыс айтқан хаттары келіп түсті.

Азаматша Л.А.Устина мен О.Н.Фадина Екібастұз қалалық сотына жұмыс беруші «БТА Банкі» АҚ-ның заңсыз жұмыстан босатқан әрекетіне және лажсыз бос журген күндеріне ақы өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

Аталған азаматтық іс барлық сатыдағы соттармен қаралған.

Екібастұз қалалық сотының шешімімен талапкерлердің жұмыстан заңсыз шығарылғандары бекіген. Олар жұмысқа дереу қайта орналастырылып, тиесілі қаржылары толығымен қайтарылған.

Хат иелері алғыс хаттарында: «Екібастұз қалалық сотының судьясы М.Б.Успановаға, Павлодар облыстық соты апелляциялық сот алқасының судьясы М.Г.Боровикке, Екібастұз қаласы мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы А.Г.Қайдароваға, Павлодар облысы кассациялық сот алқасының судьялары Т.Т.Махватов, А.А.Алеева, Б.Ж.Тоқтароваға азаматтық іс бойынша еңбек дауымыз бойынша біздің заңсыз жұмыстан шығарылғанымызды анықтағандарыңызға көп рахмет. Сіздер өздеріңіздің кәсіпқой судья екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Осылай Сіздер қарапайым жұмысшы қауымына әділ және заңды сот бар екеніне сенімді нығайттыңыздар. Біз Павлодар облыстық сотының сот ұжымына және Сізге Әуезнұр Бейсенұлы шын жүректен ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтамыз. Хат иелері Екібастұз қаласының тұрғындары Л.А.Устина, О.Н.Фадина 19.03.2014 жыл».

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі