Алимент алушының пайдасына сот шешімі туралы әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша» 2014 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ӘҚБтК 524 бабы «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау» өзгертулер енгізілді. Ертеде осы бап әкімшілік жаза ретінде он айлық көрсеткіш мөлшерге дейін немесе он тәулікке дейін әкімшілік бас бостандығынан айыру көздеген. Бүгінгі уақытта осы баптың санкциясы қаталдандырылып әкімшілік айыппұл айлық есептік көрсеткіштің оңнан жиырмаға дейінгі мөлшерінде және бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамауға өзгертілді.

Павлодар қаласының мамандандарылған әкімшілік сотымен азамат М.-ға қатысты алименттің 1/4 бөлігін өндіріп алушының пайдасына сот шешімінің мерзімінде орындалмағандығы туралы әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат М., ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 18 520 (он сегіз мың бес жүз жиырма) теңгені құрайтын 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз-қызметі