Алимент төлемеуден әдейі жалтараушы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шарбақты аудандық сотымен 2008 жылдан бастап 2002 жылы туған ұлын асырауға алиментті өндіріп алу туралы сот актісін орындамаған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, алимент бойынша қарыздан бас тартпайтынын түсіндірді. Уақытша жұмыс істемегендігіне байланысты алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ.

Сот оны ӘҚБтК 669-бабы бойынша (сот шешімін орындамау) айыпты деп танып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі