Алиментті алушының пайдасына туралы сот шешімі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша» 2014 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ӘҚБтК 524 бабы «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау» өзгертулер енгізілді. Ертеде осы бап әкімшілік жаза ретінде он айлық көрсеткіш мөлшерге дейін немесе он тәулікке дейін әкімшілік бас бостандығынан айыру көздеген. Бүгінгі уақытта осы баптың санкциясы қаталдандырылып әкімшілік айыппұл айлық есептік көрсеткіштің оңнан жиырмаға дейінгі мөлшерінде және бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамауға өзгертілді.

2014 жылдың 3 наурызында Екібастұз қаласының мамандандарылған әкімшілік сотында азамат Р. қатысты алименттің 1/4 бөлігін өндіріп алушының пайдасына туралы сот шешімінің орындалмағандығы үшін әкімшілік іс қаралды.

ӘКБтК-нің 524 бабы бойынша құқықбұзушы кінәлі деп танылып әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Екібастұз қ.
мамандандарылған әкімшілік сотының
баспасөз-қызметі