«Арыз өтініштерді қайтару» атты тақырыбында экономикалық сотта семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының қатысуымен «Арыз өтініштерді қайтару» тақырыбына үйретуші семинары өтті.

Сот судьяларының алдында өз баяндамасымен А.Сләм азаматтық істерді қарастыру барысында АІЖК-нің 152 бабы бойынша арыз өтініштерді қайтарудың басты нысандарын атап өтті. 

Сонымен қатар, баяндамашы қайтарылған арызды, арыз беруші жіберілген қателіктерді түзеп, қайтадан арыз беру мүмкіндігі бар екенін де айтты.

Семинар қатысушылары арыз қайтарылу барысында туындайтын өзекті сауалдарын талқылады.

Қайнар: 
Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі