Ата-ана құқығынан айыру туралы дау медиациамен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2008 жылы туылған кәмелетке толмаған Марияның анасы сотқа әкені ата-ана құқығынан айыру туралы талаппен жүгінді. Сотқа талаппен жүгінуінің себебі – кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент төлеу бойынша қарыздың болуы және баланы тәрбиелеу мен білім беруден жалтару. Сот талқылауы барысында тараптар сотқа төрағалық етуші судьяның қатысуымен медиацияның татуластыру процесдурасын өткізу туралы арызбен жүгінді. Медиацияның нәтижесінде тараптар келісімге қол қойды, соның шарттары бойынша, әке 2008 жылы туылған кәмелетке толмаған Марияға қатысты ата-ана құқығынан айырылады, бала ана тәрбиесіне беріледі. Төленбеген алименттер бойынша қарыздың мөлшері 500 000 теңгені құрап отыр.  500 000 теңге көлеміндегі қарыз сомасын әке баланың анасына екі апта ішінде төлейді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі