Ата-ана мiндеттерін орындамау айыппұл төлеуге әкелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу қаласының Калкаман ауылының тұрғыны 2006-2008 жылғы екі кәмелетке толмаған балалардың анасы бола тұра,  спирттік ішімдіктерге әуестеніп, балаларының оқуы мен тәрбиесімен айналыспай, ата-ана міндеттерін  орындамаған.

Аталған мән-жайлар ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту хаттамасын құрастыруға негіз болды.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 14 874 теңге құрайтын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі