Автомашинаны сатып алу шартын мойындау жөніндегі талап арыз медиация тәртібінде шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер А. азамат  Ю.-ға сотқа жылжитын  мүлікті  сату-сатып алу  мәмілесін жарамды деп тану және  моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Талапкер жауапкерден автомашина сатып алған, рәсімдеу барысында  транспортқа тыйым салынғаны анықталды. Жоғалтқан уақыты мен жүйке күйзелісіне орай соттан моральдық зиянды өндіруді талап етеді

Сот алдындағы дауды реттеу  тәртібінде тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу келісімін жасады.  

Татуластыру  рәсімінде «Медиация даму орталығы» ҚБ-нің  кәсіпқой медиатор Рахымжан Ханшайым Мухаметкалиқызы қатысты (сертификат №00126   01.07.2014жылы).

Келісім шарты бойынша  1-і тарап  «Шевролет Круз» маркалы автомобильды  және басқа  автомобильге қатысты құжаттарды келісім жасалғаннан күннен бастап, бір ай мерзімде беруге міндеттеледі.  

2-і тарап  350 000 теңге сомасындағы  моральдық зиянды өтеуден бас тартады.

Сот  ұйғарымы  2016 жылы 25 наурызда заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі