Баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болғаны үшін анасына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Ақсу қаласының тұрғыны Л.Фесикова әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін, яғни сағат 23-тен кейін үй-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 2000 жылы туылған кәмелетке толмаған қызы Златаның түнгі уақытта болуына жол бергенген үшін ӘҚБтК-нің 442-бабының үшінші бөлігі бойынша 2016 жылғы 21 маусымдағы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотпен жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұлдың мөлшері 30 пайызға қысқартылды, түпкілікті 22 271 теңге сомасын құрады.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі