Бейне конференц байланыс қолдану тақырып бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырысын бейне конференц  байланыс өткізу» тақырып бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Нуркиев, судьялар Н.Айтбаев, Б.Нурланов, К.Сатабаев, кеңсе меңгерушісінің міндет атқарушы С.Кабдыгалиев және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы А.Нуркиев бүшінгі таңда соттарда инновациялық технологиялар енгізуге байланысты істерді бейнеконференц байланыс арқылы қарау мүмкіндігі бар екенінін атап шықты.

Сот төрағасы А.Нуркиев  куәлардан жауап алу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін сот отырысында басқа елді мекендерге шықпай видео конференц байланыс пайдалану арқылы мүмкіндік беретінін атап шықты. Осы жаңалық істерді қарау мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Сот отырысын бейнеконференц байланыс арқылы өткізу кезінде басқа елді мекеніне арнайы этаппен жөнелтілген қажеттілігі жоқ екендігі маңызды фактор болып табылады.

Сонымен қатар семинар барысында сот процесінің конференц байланыс жүргізуге қатысты сұрақтар судьялар мен сот мамандары арасында талқыланды.

Қайнар: 
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі