«Дауды медиация және партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында адвокат, «Өркениет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамның өкілі қатысуымен «Дауды медиация және партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Г.Ертаев Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінде көзделген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді және татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сот талқылауының кез-келген сатысында және де сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкіндігі жөнінде, сонымен қатар, АПК-нің 17-тарауында көзделген басқа да татуластыру рәсімдерін жүзеге асыру жайлы баяндады.

Сондай-ақ, Г.Ертаев бұл заңды халыққа жете түсіндіріп, дауларды сотқа жеткізбей ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін көтеріп, жұмысты оңтайландыра түскендігі, бітімгершілік дауды шешудің озық әдісі болып табылатыны, ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал ететіні, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқаратыны, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттармен келісім бекітілгенде тараптарға төленген мемлекеттік баж толық қайтарылатыны, ал кассациялық сатыдағы сотта елу пайызы мөлшерінде қайтарылатыны жөнінде айтты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікірлерін алмасты, көрсетілген тақырыптың ең өзекті сұрақтар талқыланды.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі