Даулы жағдай

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лебяжі аудандық сотында 2014 жылы 4 наурызда ҚР. ҚК. 104-бап, 1 бөліміне сәйкес А., қатысты қылмыстық іс қаралды.

А., 2013жылдың 27 желтоқсанында сағат 16:00-де Бесқарағай ауылында ТОО «Бесқарағай-Алкей» шеберханасы маңында жәбірленуші С., кездестіріп қасақана түрде орта денежарақатын салады. Сот барысында айыпталушы А., кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді. Сот отырысында жәбірленуші С., жазбаша өтініш беріп, онда айыпталушы А., келтірген зардабының орнын толықтай толтырып, айыпкерді кешіріп онымен татуласқанын білдірді.

Сот ҚР. ҚК-нің 67 бабы. 1б., сәйкес қозғалған қылмыстық істі қарсы түскен арызға байланысты тоқтатты.

Лебяжі аудандық сотының
баспасөз қызметі