Е.М.Арынды қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 06 наурызында Павлодар қалалық №2 сотқа ҚР ҚК 311 б. 5 б., 311 б. 5 б., 176 б. 4 б. «б» т. қарастырылған қылмыстар бойынша айыпталған Е.М.Арынды қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға қолдаухат түсті.

Е.М.Арын меншікке, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталады.

Тергеу кезінде куәлардан айыпталушы тарапынан олардың көрінеу жалған жауап беруі мақсатында физикалық және моральдық қысым жасалып жатқаны туралы өтініштер түсті.

Осылай, Е.М.Арын бостандықта жүріп, жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында ары қарай аталған және де басқа куәгерлерге қысым жасауы және сол арқылы сотта қылмыстық істі объективті тергеуге және қарауға кедергі жасауы мүмкін.

Аталған жағдайларды ескеріп, Павлодар қалалық № 2 сотымен 2014 жылдың 06 наурызындағы қаулысымен айыпталушы Е.М.Арынға қатысты 2014 жылдың 04 мамыры 18 сағат 50 минутқа дейін Павлодар қаласы тергеу изоляторында ұсталумен екі ай мерзіміне камау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Павлодар облыстық сотының
баспасөз-қызметі