Ерлі-зайыптылар екеуінің арасында неке бұзылу туралы сот шешімі жарияланғаннан кейін татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында азаматша Б.-ның С.-ға некені бұзу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды. Сотпен жұбайларды татуластыру әрекеттері нәтиже бермеді, соған байланысты, сот шешімімен ортақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар тараптар арысында  неке бұзылды. 

Сот шешімін жариялағаннан кейін жауапкер С.-дан аталған сот шешіміне апелляциялық шағым түсті, сонымен қатар, 2016 жылдың 18 наурызында тараптардан өзара татуласуларына байланысты сот шешімінің орындалуын қысқарту туралы біріккен өтініш келіп түсті, сот отырысында олармен қолданды.     

ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы » 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 қаулысына сәйкес, Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм шығарылғаннан кейiн ерлi-зайыптылар татуласқан жағдайда және бұл туралы олардың жазбаша арызы болса, сот өз ұйғаруымен шешiмнiң орындалуын, ол заңды күшiне енгенге дейiн, ал кейбiр жағдайларда шешiм көшiрмесi некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеу үшiн тіркеуші органдарға жiберiлмей тұрып, тоқтатуға құқылы.

Сот шешімі заңды күшіне енбегендіктен, сот өзінің ұйғарымымен Б. және С. арасындағы некені бұзу туралы Павлодар қалалық сотының шешімінің орындалуын қысқартты, жауапкердің өтініші негізінде апелляциялық шағым өзіне қайтарылды.

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі