Ертіс аудандық сотта «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қолдану» тақырыбына семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.К.Нұржановамен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қолдану» атты тақырыпта прокурор А.А.Абильдинаның, қорғаушы Т.Т.Джангульдиновтың және Ертіс ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Ж.Хайдаровтың қатысуымен семинар өткізілді.

Судья Д.К.Нұржанова өз сөзінде, сотпен жалпы қаралатын әкімшілік істердің шағын пайызын ҚР ӘҚБК 669 бабы бойынша әкімшілік істер құрайтындығын, және Ертіс ауданы прокуратурасының мәліметі негізінде өкілетті органдармен салынған айыппұлдар туралы қаулылардың орындалмау пайызы жоғары, сондықтан осы саладағы жұмыстарды белсенділендіру қажеттігі туындайтындығын белгіледі.

Прокурор А.А.Абильдина ҚР ӘҚБК 669 бабын қолдану тәжірибесін кеңейту және әкімшілік өндірістің материалдарын дұрыс құрастыру қажеттігін өз сөзінде атап кетті.     

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі